"Іздеген әлемі басқа болды". Гүлзира Айдарбекова ұлының бірінші әйелімен ажырасып кетуіне қатысты пікір білдірді

"Іздеген әлемі басқа болды". Гүлзира Айдарбекова ұлының бірінші әйелімен ажырасып кетуіне қатысты пікір білдірді
Фото: instagram

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Заңғардың бірінші әйелімен ажырасып кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол журналист Мақпал Қаратайға берген сұхбатында айтты. 

"Сіздің балаңыз ажырасқан кезде сізге ауыр тиді. Себебі сіз мінсіз образға сәйкес келмей қалдыңыз ғой", - дейді журналист. 

Гүлзира Айдарбекова расында қатты қиналғанын айтты. 

"Себебі менің енелік тәрбием дұрыс болмағаннан кейін келінім кетіп қалған секілді "Гүлекеңнің келіні кетіп қалыпты" деген сөздің өзі маған ауыр тиді. Бірақ олай мүмкін емес. Себебі ол баламның өмірлік жары, қаншама ұрпақ сүйесің. Ол (келіні-еск.) іздеген әлем басқа болды, біздің әлемге болмайтынын түсінгеннен кейін балам да түсініп, өзі де түсініп жай ғана бөлінгенін қаладық. Олар әлі жас, артында жылап қалды дейтіндей ұрпағы жоқ. Егер бір немере болса жабысып қалатын едім. Қандай қиындық болса да шыдайтын едім. Ол да өз бақытын тауып қалар, Заңғар да өз бақытын табар. Екеуі бір-бірінің адамы емес екен ғой деген тұжырымға келдім. Соған көндіктім", - дейді продюсер. 

Еске салайық, биыл ақпанда Заңғар Нұртас бірінші әйелі Жібек Қайратқызымен ресми түрде ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын. 

"Бес ай өтті, араласпаймыз. Жақсы келін болды. Бәрі керемет болды. Сыйластығымыз қазір де жақсы, бірақ сондай жағдай болып қалды. Оған нақты не себеп болғанын айта алмаймын. Бұл жеке нәрсе. Бастарыңызға бермесін", - деді Заңғар Нұртас.

Ол, сонымен қатар, өзінің жаңа қарым-қатынастарға ашық екенін және болашақ жарының бойында болуы керек қасиеттерді айтқан болатын. 

Ал 6 қазанда Заңғар Нұртас жаңа сүйіктісіне үйленуге ұсынысты ерекше жасады

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина