Димаш Құдайберген: "Халық әртісі" атағын алатынымды Президент ұшақта айтты

Димаш Құдайберген: "Халық әртісі" атағын алатынымды Президент ұшақта айтты
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайберген "Қазақстанның халық әртісі" атағын алатынын Президенттің өзінен естіген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы журналист Әділ Балтабаевқа берген сұхбатында айтты. 

"Маған Қасым-Жомарт Кемелұлы бірінші рет оны ұшақта ұшып келе жатқанымызда айтқан. Оны айтуға бола ма екен? Президентіміз әуеде ұшып келе жатқанда маған осындай тамаша жаңалықты жеткізген болатын", - деді ол.

Димаш Құдайберген халықтың ықыласы, пейілі ешқандай марапатпен өлшенбейтінін айтты.

"Сол себепті бұл атаққа лайықпын ба, лайық емеспін бе, оны көзі қырағы халық шешеді. Менің әрбір аяқ алысым, әрбір жетіп жатқан жетістерім, әрбір марапатталып жатқан сәттерім көзі қырағы халықтың шешімімен болуы керек деп ойлаймын. Сол себепті мені осы уақытқа дейін әрбір аяқ алысымды қолдап келе жатқан тыңдарман қауымға басымды иіп, рақмет айтқым келеді", - деді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Adil Baltabayev (@adilbaltabayev)

Айта кетейік, әнші Димаш Құдайберген биылғы мамырда Қытайдан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұшағымен ұшып келген еді.

Еске салайық, бүгін, 24 қазанда әнші Димаш Құдайберген "Қазақстанның халық әртісі" атағын алды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан