Ақмолда, Құдайберген, Стамғазиев. Биыл "Қазақстанның халық әртісі" атағын кімдер алды?

Ақмолда, Құдайберген, Стамғазиев. Биыл "Қазақстанның халық әртісі" атағын кімдер алды?
Фото: jambylinfo.kz

Биыл қай әртістер "Қазақстанның халық әртісі" атағын алғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Биылдан бастап құрметті марапаттар қатарына "Қазақстанның халық әртісі" атақтары қосылды:

"Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлері Д.Ахимовқа, М.Токарев пен Д.Ақмолдаға, опера әншілері Ш.Әбілов пен Т.Күзенбаевқа, атақты әншілер Р.Стамғазиевке, Д.Құдайбергенге және күйші А.Үлкенбаеваға берілді", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін биыл "Қазақстанның халық жазушысы" атағын кімдер алғаны белгілі болған еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек