Пәтеріңізді жалға бергеніңіз үшін айыппұл салына ма?

Пәтеріңізді жалға бергеніңіз үшін айыппұл салына ма?
Фото: pixabay.com

Пәтеріңізді жалға бергеніңіз үшін айыппұл салынады ма? Бұл сұраққа заңгер Мұхамедияр Нұрғалиұлы өзінің инстаграм парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңгер тіркеусіз кәсіпкерлікпен айналыссаңыз, айыппұл салынатынын айтты.

"Иә, айыппұл салынады . Салық декларациясын уақтылы тапсырмағаны және тіркеусіз кәсіпкерлікпен (ИП жоқ) айналысқаны үшін айыппұл салынады! Мемлекетке есеп бермегені үшін алдымен ескерту, содан кейін 15 АЕК, яғни 51 750 теңге айыппұл төлейсіз.

Ал , заңсыз кәсіпкерлік қызмет үшін жеке тұлғаларға бірінші бұзушылық үшін 15 АЕК, 51 750 теңге, егер бұзышылық бір жыл ішінде қайталанса, 30 АЕК, яғни 103 500 теңге айыппұл салынады", - деп жазды Мұхамедияр Нұрғалиұлы. 

Оқи отырыңыз: Пәтер иесі жалға алушыны тіркеуге міндетті ме?

А. Жапатова