"Қарасаң көзің тоймайды". Лағман дайындап, құрт жасаған ауылдағы жеңге көпті тәнті етті

"Қарасаң көзің тоймайды". Лағман дайындап, құрт жасаған ауылдағы жеңге көпті тәнті етті
Фото: видеодан алынған кадр

Ауылда лағман пісіріп, құрт жасаған жеңгенің бейнесі көпті тәнті етті. Фотограф Ернар Алмабек Алматы облысына кезекті сапары барысында ауылдың тұрмысын көрсететін видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоға 180 мыңнан аса лайк басылып, 8 мыңнан аса пікір жазылған. Кадрлардан қазан басында лағман құйып, кейін құрт жасап, оны кептіріп отырған әйел көрінеді.

"Жеңге" деген сөз ұнайды. Осы сөзде бір жылылық бар. Жеңгемізбен қимай қоштасып ауылға аттандық", - деп жазды Ернар Алмабек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Yernar Almabek (@yernar.almabek)

"Қоймадың ғой сен де мені кеткенше түсіріп. Енді сендер бір келгенде жасамағанда (лағманды - еск.)" - дейді видеода жеңгесі.

Желі қолданушылары жылы көрініске ізгі лебіздерін жазған:

"Жылыыыы", "Мейірімді адам екен", "Әншейінде осындай видео көргенде не деген табиғат, тау-тас деп айналаға әдемілік беріп тұрған құбылыстарды тамашалап тамсанасың. Бірақ осы жолы табиғаттың әсемдігін ақ жеңгеңнің шырайлы жүзі мен сұлулығы толықтырып тұрғандай", "Ақ жүректі ауылдың адамдары-ай!", "Тіршілікті өрбітіп отырған жеңгеңізден айналдық", "Осындай жеңгелердің қадіріне жету керек. Қазір бұндай қарапайым, қажырлы жандар өте аз қалды. Арасында қалаға шақырып, қыдыртып, көңілді демалыс ұйымдастырып беру керек", "Көзіме жас келді ғой, "Сендер бір келгенде жасамағанда", осыдан артық не керек адамға шынайылық ауыл деген жақсы ғой шіркін", "Жаным-ау мына келіннің бетінен сүйіп құшақтап алғым келді", "Күшті қандай, қарасаң көзің тоймайды. 2-3 қайтара көріп шықтым. Жеңгеңіз сондай жүзі жарқын екен, осындай жеңгелеріміз көп болсын, табиғат та, жеңгеңіз де әдемі екен. Бәріміз бір жайлауға барғандай болдық. Біз де жеңгеңізбен қимай қоштастық. Осындай видеоларды көріп риза болып отырмын", - деп жазды олар.

Еске салайық, бұған дейін мал бағып жүрген әйел Қазнетті сүйсінткені хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Күзде бет терісін қалай күту керек?                                        

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова