"Жолдасыма көмектеспесем болмайды". Мал бағып жүрген әйел Қазнетті сүйсінтті

"Жолдасыма көмектеспесем болмайды". Мал бағып жүрген әйел Қазнетті сүйсінтті
Фото: Instagram

Желі қолданушыларын мал бағып жүрген әйелдің суреттері тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Суреттерді фотограф Ернар Алмабек түсірген. Instagram желісінде жарияланған видео 50 мыңдай қаралым жинаған. Оған 500-ге жуық пікір жазылған.

Фотографтың сөзінше, адасып кеткен кезде видеодағы кейіпкерді кездестірген.

"Жолдасыма көмектеспесем, болмайды ғой" дейді жеңгеміз. Айдалада адасып кеткенбіз. Алыстан мал бағып жүрген бір кісіні байқадық та жолды сол білер деп жанына бардық. Әйел адам екен. Жөн сұрассақ, жеңгеміз болып шықты. Сұхбаттасып, фотосессия ұйымдастырдық. Суреттер қалай?" - деп жазған фотограф Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Yernar Almabek (@yernar.almabek)

Ал ат жетектеген видеодағы кейіпкер одан энергия алатынын айтады.

"Ішім пыспайды. Ат ұнайды. Аттан күшті энергия аласың ғой. Ұнайды өзіме. Жолдасыма көмектеспесем болмайды ғой", - дейді видеодағы әйел.

Желі қолданушылары мал бағып жүрген әйелдің ешқандай бояусыз сұлу екенін айтып, ақылды жар екенін жазған.

"Сіздің жұмыстарыңыздан бір демалып қаламын. Ешқандай боямасыз шынайылықты көрсетесіз ғой. Сонысымен дарасыз", "Нағыз жүзін жел қақтаған еңбек адамы! Бетінде бес тонна бояуы жоқ, жасандылықтан ада дала ханшайымы!", "Білмеймін, жылағым келді, нағыз әйел, күйеуіне бойұсынған, енді күйеуі де сондай құрмет көрсетеді деп ойлаймын. Өмірі өзіне қызық болғаны ғой, осы нәрсемен бақытты сезінген келіншек екені көрініп тұр", "Нағыз жар, қандай жағдай болса да ер-азаматына болысып жүр. Осындай аналардан ақылды ұрпақ келеді өмірге", - дейді пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова