"Тұрмысқа сәтті шығып, жолы болды десеңіздер, қателесесіздер". Қыран Талапбектің әйелі арақатынастары туралы шындықты айтты

"Тұрмысқа сәтті шығып, жолы болды десеңіздер, қателесесіздер". Қыран Талапбектің әйелі арақатынастары туралы шындықты айтты
Фото: әлеуметтік желі

Танымал мобилограф Қыран Талапбектің жұбайы Гүлзада Тұрлаш алғашында арақатынастары қалай өрбігенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, алғашында ешқандай сыйлық алмаған.

"Тұрмысқа сәтті шығып, жолы болды деп ойласаңыздар, қатты қателесесіздер. Алғашында сөйлесіп жүрген кезде ешқандай сыйлық алған жоқпын, көңіл бөлмейтін. Мені 8 наурызда екі күннен кейін гүлдің суретін жіберіп осылай құттықтады. Өзімді қоярға жер таппадым", - дейді ол.

Блогердің айтуынша, одан кейін жұбайы гүл сыйлаған. Бірақ бұл жолы да ойлағанындай болмаған.

"Бұл кеш есімде. Қыздармен шықтым. Маған жеткізу қызметінен хабарласты. Гүлдер. Таңғажайып нәрсе күттім, бірақ... Менде гүлдің суреттері жоқ. Себебі ондай жасағым да келмеді. Букет шамамен осындай болды. Үлгі ретінде интернеттен алдым. Түймедақ", - дейді ол.

Гүлзада Тұрлаш кейін ашық сөйлесуді таңдағанын айтады.

"Бір күні шаршап, тіке сұрайын дедім. Пион алғым келетінін айттым. Ал шынында. Иә, қазір маған да, сіздерге де күлкілі. Бірақ сол кезде мұндай жігітпен бірге бола алмайтынымды ойладым", - деп еске алды блогер.

Айта кетейік, бұған дейін Қыран Талапбек жаңа сүйіктісімен көзге түсті. Қыран Талапбек Instagram Stories-ке жаттығу залындағы видеосын жариялаған. Дәл осы уақытта актриса Гүлзада Тұрлаштың да осы залда жүргенін байқауға болады. Тіпті актриса "енді жаттығу залында кездесеміз" деп жазба қалдырып, кездесудің қыз бен жігіт арасында екенін байқатқан.

"Депутаттың қызы". Мобилограф Қыран Талапбектің сүйіктісі туралы не белгілі?

Кейінірек Қыран Талапбектің жаңа сүйіктісі бұрынғы күйеуімен неге ажырасқанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін танымал мобилограф Қыран Талапбек екінші рет шаңырақ көтергені хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Тісті үйде қалай ағартуға болады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова