Жалқаусыз ба? Ағзаңызға қандай дәрумен жетіспейтінін біліңіз!

Жалқаусыз ба? Ағзаңызға қандай дәрумен жетіспейтінін біліңіз!
Фото: pixabay.com

Эндокринолог Диляра Лебедева жалқаулық үшін өзіңізді кінәлі сезінудің қажеті жоқ екенін, оның орнына дәрігерге қаралуға кеңес берді. Маманның айтуынша, ештеңе істегіңіз келмеу ағзаға дәрумендер жетіспеушілігінен болуы мүмкін. Маман Doctorpiter порталына әлсіздік, ұйқышылдық және ештеңе істегісі келмеудің кең тараған төрт себебін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Эндокринолог Диляра Лебедева "жалқаулығыңыздың" негізгі төрт себебін атады.

"Төртінші орында – жыныстық гормондар жетіспеушілігі, үшінші – қалқанша бездің нашар жұмысы, екінші – D дәруменінің жетіспеушілігі, ал бірінші орында – темірдің жетіспеуі", - дейді дәрігер.

Теміртапшылықты анемия түрлі белгілер беруі мүмкін. Бірақ олардың ішіндегі айқын түрлеріне күштің болмауы, апатия және ештеңе істегісі келмеу жатады. Бірақ кейде ағза гемоглабин жетіспеушілігіне бейімделіп, компенсаторлық қызметті іске қосып, адам өзінде бұл ауру бар екенін білмей жүре беруі де мүмкін.

Бірақ ағзаға темір жетіспеуінің ерекше және кепілді белгілері де бар. Оларды басқа нәрселермен шатастырып алу мүмкін емес. Мысалы, лак, бензин, бояу, ацетон, пайдаланылған газдар иісін жақсы көру және/немесе бор, балшық, құм, шикі жармалар жегісі келу.

Анемияның басқа белгілеріне бас айналу, бозғылт тері, ашуланшақтық, жиі жүрек соғысы, тері құрғақтығы, шаш пен тырнақ сынғыштығы жатады. Әдетте адамдар демікпеге шағым айтады. Олар мұны жүрек проблемасы деп ойлайды, бірақ ол анемия белгісі де болуы мүмкін. Мысалы, баспалдақпен көтерілуге қиналасыз немесе автобусқа жүгіремін деп жылдам ентігіп қаласыз.

Шаршай беру ағзадағы жаңылысты көрсетуі мүмкін. Дәрігер "жалқаулығыңыздың" себебін анықтау үшін мынадай анализдер тапсыруға кеңес береді:

  • Жалпы қан анализі;
  • D дәрумені;
  • Ферритин;
  • ТТГ, Т3, Т4;
  • ТПО және ТГ-ға антидене;
  • Қалқанша безін УДЗ түсіру;
  • Кіші жамбас органдарын УДЗ түсіру;

Эндокринолог егер қарапайым күнделікті істердің өзіне, мысалы, тісіңізді жууға немесе өзіңізді ретке келтіруге де күшіңіз болмаса, дәрігерге қаралуды кейінге қалдыруға болмайтынын айтты.

Гемоглобинді қалай көтеруге болады? Гематолог жауабы

А. Жапатова