"Еркек ерте үйленсе осындай болады". Желіде орыс қызбен видеоға түскен Қайрат Нұртас жұрттың сынына қалды

Әнші Қайрат Нұртас желіде жұрттың сынына қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Хитмен Қайрат Нұртас желіде орыс қызымен бірге тойханаға кіріп бара жатқан видеосы тарады. Бұл кадр Торис есімді TikTok қолданушысының парақшасында жарияланып, 450 мың қаралым, 8721 лайк, 272 керағар пікір жинаған. 

@toris130 #рек ♬ Мирас топ падам падам падам - Miraslavchik✨

Желі қолданушылары өнерпаздың бұл жүрісін сынға алып, пікір қалдырды. 

"Қыздарын жалко ше, әкесі әр жас қызбен жүреді фото, видео салып", "Кейін күйеу балалары солай жүрсе түсінетін шығар, әзірге түсінбейді", "Мә, саған деді ғой Жұлдыз", "Қайратқа осылай жүрген абырой ма екен", "Қайратпен орыс жарасады екен", "Еркек ерте үйленсе осындай болады", - деп жазды олар. 

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас Жамбыл облысында өрескел жол ережесін бұзған еді. Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!