Гинекологқа қаралу керегін білдіретін белгілер

Гинекологқа қаралу керегін білдіретін белгілер
Фото: pixabay.com

Гинекологқа жылына бір немесе екі рет жоспарлы түде қаралып тұру керек. Алайда бұл ережені барлық әйел сақтамайды. Көптеген қауіпті ауруларды бастапқы кезеңде алдын алуға болады. Сондықтан гинекологқа қаралудан қорықпай, сенімді маман тауып, жүйелі түрде көрініп тұрған жөн. Мына жағдайларда дәрігерге міндетті түрде баруыңыз керек.

Етеккір циклі бірден өзгеріп кетті және ол ауыра бастады

Негізінде кез келген ауырсыну сізді ойландыруы керек. Әсіресе, жағымсыз сезімдер күнделікті өмірде мазаласа, дәрігерге міндетті түрде көріну керек. Ең алғашқы белгі – етеккірдің кешігіп келуі. Егер бұрын етеккіріңіз кешікпей келетін болса және ешқандай дәрілік препараттар ішіп жүрмесеңіз, бұл дәрігерге көрінуге себеп. Ол өздігінен дұрысталады деп күтпеңіз.

Күйдіріп ауырады және қышиды

Жыныстық орган тұсындағы кез келген тітіркену қалыпты жағдай емес. Дәрігеріңізге көрініп, қажет анализдер тапсырыңыз.

Сыздап ауырады

Егер іштің төменгі жағы сыздап ауырса, оны елемеуге болмайды. Бұл кезде температураңыз көтерілді ме? Басқа жерлеріңіз қосылып ауырды ма? Дәрігерге осы жайттар жайлы айтыңыз.

Жыныстық қатынас кезінде ауырсынады

Жыныстық қатынас кезіндгі ауырсыну сезімінің себебі көп. Оны өздігіңізден анықтауға тырысудың қажеті жоқ. Мысалы, ол эндометриоз дамуымен байланысты болуы мүмкін, ол дәрігерге міндетті түрде қаралуды қажет ететін жағдай.

Етеккір кезінде не істеуге болмайды? Дәрігер жауабы

А. Жапатова