"Аманаттың өтірік жиналыстарын өзгерттік". Ринат Зайытов бар шындықты жайып салды

Айтыскер ақын, депутат Ринат Зайытов "Қасқа жол" подкасында "Аманат" партиясында қандай өзгерістер болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, жиындар мен жиналыстарда біраз дүние өзгерген.

"Бірінші өзгерткеніміз - Аманаттың өтірік жиналыстары. Аманат емес кезінде Нұр Отан болды ғой. Сол кездегі өтірік жиналыстарды толық өзгерттік. Қазіргі халықпен кездесуімізде немесе кез келген Аманаттың жалауын ұстап баратын жерге халықты кіргізбеу, бұрынғыдай жасандылық жасау, отырып алып, "бәрі дұрыс" деп бас шұлғи беру: біз осы заңдылықты бұзып жатырмыз деп ойлаймын. Жалғыз мен емес, Аманат партиясында бір топ депутат бар. Осыны қалап отырған адамдар бар. Қазір өзіңіз байқасаңыз, бұрынғы Нұр Отанның жиындары мен Аманаттың жиындары безендірілу жағынан ұқсайтын шығар, мазмұны жағынан басқаша болып келе жатыр. Әзірге осы. Аманатта да бұрынғы адамдар бар ғой, олар да бірден өзгеруге келісе қоймайды", - дейді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!