Айтыскер ақын, актёр, филолог, мемлекеттік қайраткер, 2023 жылдан бастап Қазақстан Мәжілісі VII-шақырылымының депутаты.
Ринат 1983 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген.
13 жасында ата-анасы ажырасып, болашақ айтыскер анасымен бірге қалады. Зайытов 2016 жылы "Жұлдыздар отбасына" берген сұхбатында өзінің айтыскер ақын болуына осы оқиға себеп болғанын айтады.
Ринат екі түрлі мамандықты тәмамдаған: драма театр актері және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
әлеуметтік желілерде отырмайды. Бірақ желіде оның атынан ашылған парақшалар көп. Оның кейбірі ақынның рұқсатымен ашылған.