Бақаны ұстасаңыз, қолға сүйел шығып кететіні рас па?

Көпшілік бақа немесе құрбақаны ұстаса, қолына сүйел шығып кетеді деп ойлайды. Бұл рас па?

Халық арасында мұндай пікір құрбақалардың терісінде сүйелге ұқсайтын бөртпе болғандықтан пайда болған болуы мүмкін. Алайда бұл өтірік.

Сүйелдер вирустар себебінен пайда болады. Мысалы, теріңізде кішкентай зақым болса немесе сүйелі бар адаммен тығыз байланыс орнаған болса, жұғуы мүмкін. Бірақ сүйел барлық адамға бірдей жұға бермейді. Ол көбіне иммунитеті әлсіз адамдарға шығады. Сондай-ақ вирус теріге ортақ қолданатын заттар арқылы енуі мүмкін.

Десе де бақаға қарағанда құрбақа улы. Олардың терісінде және құлақ артындағы безінде уытты зат бар. Сондықтан құрбақаны ұстамаған жөн. Бірақ егер ұстауға мәжбүр болсаңыз, содан соң қолыңызды сабынмен жақсылап жуыңыз. Қол жуғанға дейін көзіңізді, мұрныңызды және аузыңызды ұстамаңыз.

Папиллома деген не және оны қалай емдеу керек? Мына жерден оқыңыз.