"Хюрреммен салыстыруға да келмейді". Желі қолданушылары әнші Қайрат Нұртастың анасын сынға алды

Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекованы желі қолданушылары сынға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әдемі көйлектерін киіп түскен видеоға өзін Сұлтан Сүлейменнің сүйікті жары деп таныстырған Хюррем сұлтанның дауысын қойған. Бұл видеосын әлеуметтік желіге жүктеген Гүлзира Айдарбекова жұртқа жақпай қалды.

"Хюррем болу саған қайда", "Өзін өте жоғары бағалайды", "Хюрреммен салыстыруға да келмейді", "Армандама, саған жараспайды", - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Алайда өнер иесінің анасы Гүлзира Айдарбекова instagram желіге видео жариялап, керағар пікірге жауап берді. 

"Туған күніме киген қызыл көйлегімді, көмекшім жәй өзіне түсіріп тұрғандай болып еді, кейін Хюремнің дауысын қойып 2 ші салған видеоны жіберіпті. Қызық көріп тик-токқа "Әр әйел өз үйінің ханшайымы"- деген тақырыпта салғанмын. Оқырмандардың көбісі жақсы пікір қалдырыпты, кейбірі Хюрем болу саған қайда депті. Негізі сол Хюрем болғым келіп армандап жүргенім жоқ. Соның өміріне өз өмірімді ауыстырмас та едім. Алла әр пендесіне жеке өмір, жеке тағдыр жазған, біреудің өмірін сүру мен үшін арман да емес. Қанша мықты болса да Ханның пәлен қатынының бірі болғанымша, өз жанұямның шамшырағы, Нұрекеңнің ханшайымы болып жүре берейінші", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова. 

Бұл видеоға халықтың басым көпшілігі продюсерді қолдап, пікір қалдырған. 

"Дұрыс айтасыз. Хюремнен гөрі, өзіміздің Нұрекеңнің Гули ханымы болып жүре беріңіз", "Сенен бақытты әйел, сенен бақытты ана жоқ шығар. Ұзағынан болсын", "Әр әйел күйеуі балалары үшін королева сондықтан Хюррем ол сол замандағы кейіпкер ана", "Хюрремнен асып түсесіз негізі ел айта береді. Жақсы жар, керемет ене, ең жаксы анасыз", - деп жазды олар. 

Айта кетейік, әнші Қайрат Нұртастың көлігі өрескел жол ережесін бұзып, айыппұл арқалаған еді. Ол қандай жол ережесін бұзып, қанша теңге айыппұл арқалады?. Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!