Бетонға отырса суық тиетіні рас па?

Бетонға отырса суық тиетіні рас па?
Фото: pixabay.com

Уролог-онколог Нұржан Нұрғалиев бетонға отыру ер адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айтты. Бұл туралы маман Dope soz YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бетонға отырудан суық тиетіні шын. Себебі бетон суықты өзіне тез тартады. Тасты қыздырса ол ағзаға жылуды тез береді. Бірақ көбіне жылуды тез жоғалтады. Сондықтан адам баласының тас қаншалық суық екенін өзі анықтай алмайды. Ағза суықты тастан тартады. Сондықтан ер адам болсын, әйел адам болсын тасқа отыруға болмайды", - дейді маман. 

Еске салайық, бұған дейін уролог-онколог Нұржан Нұрғалиев тестостеронды көбейту үшін не істеу керегін айтқан болатын. 

"Негізі, бірнеше фактор бар. Медициналық жол бар және физиологиялық әдіс бар. Яғни ең алдымен, ер адамдарға артық салмақтан арылуға кеңес береміз. Жақсы ұйықтау, бауыр саулығы да маңызды. Ішімдік ішпеу де әсер етеді. Мырыш деңгейі қалыпты болуы керек. Негізгі факторлар - осы. Олар бір-бірімен байланысты", - дейді уролог. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина