"Салқын душ, арықтау". Уролог тестостеронды көбейту үшін не істеу керегін айтты

"Салқын душ, арықтау". Уролог тестостеронды көбейту үшін не істеу керегін айтты
Фото: elements.envato.com

Уролог-онколог Нұржан Нұрғалиев тестостеронды көбейту үшін не істеу керегін айтты. Бұл туралы маман Dope soz YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Негізі, бірнеше фактор бар. Медициналық жол бар және физиологиялық әдіс бар. Яғни ең алдымен, ер адамдарға артық салмақтан арылуға кеңес береміз. Жақсы ұйықтау, бауыр саулығы да маңызды. Ішімдік ішпеу де әсер етеді. Мырыш деңгейі қалыпты болуы керек. Негізгі факторлар - осы. Олар бір-бірімен байланысты", - дейді уролог. 

Сонымен қатар, Нұржан Нұрғалиев тағы бір маңызды кеңес берді. 

"Салқын душқа түсуге де болады", - дейді маман.  

Еске салайық, бұған дейін Нұржан Нұрғалиев баланы қай жасында сүндеттеу керегін айтқан болатын. 

"Ең дұрысы пубертат уақытына дейін (жыныстық жетілгеннен кейін-еск.) сүндеттеген дұрыс. 13 жас - үлкен жас болып кетеді. Көбіне 5 немесе 7 жаста сүндеттеу керек деп үйреніп қалғанбыз. Ал жалпы, туғаннан бастап 7 жасқа дейін сүндеттеген дұрыс", - дейді Нұржан Нұрғалиев.

Уролог-онколог сүндеттеу денсаулыққа пайдалы екенін атап өтті. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз! 

С. Сатыбалдина