Танымал әзілкешке қауіпті диагноз қойылды

Танымал әзілкешке қауіпті диагноз қойылды
Фото: видеоскрин

Танымал әзілкеш Марат Достаев өзінің қатты ауырған сәтін еске алды. Бұл туралы ол Асхат Садырбайға берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Көз тимесін" КВН құрамасының мүшесі, жайдарманшы Марат Достаев ақ халатты жандарға өкпе-ренішін білдірді.

"Барлық демей-ақ, қояйын бірақ кейбір Шымкенттегі дәрігерлерге алғыс білдіремін. Бірақ ауырғанда, жаның қиналғанда 103 шақырамыз ғой енді. Солай екі рет ауырып үйге жедел жәрдем қызметін шақырдым. Маған екі рет келгенде "сіздің дене қызуыңыз 37 болып тұр біз сізді ешқайда апара алмаймыз. Оданда өзіңіз бір тексеріліп, қаралсаңызшы" дейді. Ал керек болса, содан ауруханаға өзім келдім ауырып. Маған қарап тұрып жеке клиникаға барыңыз, "бізде дұрыс диагноз қоймауы мүмкін" деді. Билирубинім 356-ға барған кезде негізі оның қалыпты жағдайы 18 болуы керек екен. Сол кезде жеке клиникаға бардым. Бірінші Алланың екінші сол жердегі дәрігерлердің арқасында аман қалдым",- дейді әзілкеш.

Ол мұндай хәлге түсуіне себеп ұйқы режимінің бұзылуы, дұрыс тамақтанбау деп түсіндірді.

© видеоскрин

"Енді өзіме қарамай кеткен жоқпын. Жалпы киноиндустрияда жүргендер түсінеді. Біздің ұйқы режиміміз бұзылған. 10 күн ұйықтамай жүріп, келіп 2 күн тұрмай ұйықтайсың, одан кейін дұрыс тамақтану режимі жоқ. Әртүрлі фастфудтарды жеп, тіпті таңғы 3-4- те тамақ жеп отырасың. Содан организм бұзылады. Тіпті арнайы шақырып, бізге кел емделіп кетесің дегенде де уақытым жоқ барып емделуге. Қазір денсаулық бірқалыпты бірақ әлі де емделетін тұстары бар", - дейді Марат Достаев.

Айта кетейік, бұған дейін біз әзілкештің TikTok желіде қанша табыс табатынын жазған болатынбыз.  

 Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы