"Екі аптада 2 миллион теңге". Әзілкеш Марат Достаев TikTok-тағы табысы туралы айтты

"Екі аптада 2 миллион теңге". Әзілкеш Марат Достаев TikTok-тағы табысы туралы айтты

Әзілкеш, жайдарманшы Марат Достаев Bokey YouTube-арнасына берген сұхбатта TikTok-та тапқан табысы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жайдарман әлемінің ардагері, "Көз тимесін" КВН құрамасының мүшесі болған Марат Достаев әлеуметтік желіні табыс табу көзіне айналдыруға болатынын айтады. 

"TikTok-тың өзінің заңдары бар екен. Мен оны өзім жақында білдім. Бәріміз TikTok-қа кірсек бетін әрлеп отырған еркектер, ашық-шашық киінген қыздар тағы басқа деп ойлаймыз. Егер өзің эфирде отырып жақсы әңгіме өрбітемін десең онда оны жасауға болады. TikTok-та өзінің президенттері бар, қаржы министрі бар",- дейді әзілкеш.

Айта кетейік, желіде сіз тікелей эфирде отырып табыс табуға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін оқырмандарыңыз арнайы сыйлықтар жіберу керек.

"Ең үлкен сыйлық теңгеге шаққанда 250 000 теңге. Бірақ мен ол сыйлықты алған жоқпын. Менің алған сыйлығым осы желіде арыстан деп аталады, оның бағасы 200 000 теңге. Мен өзім кейінгі екі аптада 2 миллион теңге таптым. Бірақ қаражатты шешкен жоқпын", - дейді.

Достаев TikTok-та қаражат тауып, байып кету мақсат емес, бастысы адамның сол сыйлықты алғандағы эмоциясы екенін айтады. 

@artur_tolepov @No name Львица? #рекомендации #recomendation ♬ оригинальный звук - Artur 91

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы