"Ең жомарт достар". Қонақтар Әсел Сәдуақасова мен Мағжан Тілеуханның үйлену тойына не сыйлады?

5 шілде күні актриса және продюсер Әсел Сәдуақасова мен бірқатар онлайн-жобалардың негізін қалаушы Мағжан Тілеухан үйлену тойын өткізді. Салтанатты той Алматы қаласындағы премиум қонақ үйлердің бірінде өтті. Оларға қонақтар қандай сыйлықтар берді?

Әсел Сәдуақасова мен Мағжан Тілеухан  үйлену тойын Luxury Bali Style стилінде жасады.

Бұл тойға көптеген шоу-бизнес жұлдыздары мен блогерлер келді. Солар арқылы тойды әлеуметтік желіден қарапайым халық та көре алды. Той өтететін жер тақырыпқа сай өте әдемі безендірілген: қонақүйдің террасасы ақ лалагүлдермен, орхидеялармен тропикалық жұмаққа айналған.

Кеш қонағы және инфлюенсер Ажар Мағзұмова күйеу жігіт пен қалыңдықтың достарынан жас жұбайларға үйлену тойына қандай сыйлық бергендерін сұрайды. Олардың жауаптары желі қолданушыларын ғана емес, оның өзін де таң қалдырды.

Сұраққа бірінші болып Бейбіт Әлібеков жауап берді, ол сыйлықты тікелей сұхбат кезінде жіберді. Блогер және кәсіпкер Бейбіт Әлібеков жүргізушіден сыйлықты кімге аударған дұрыс деп ойлайтынын сұрады. Нәтижесінде жарты миллион күйеу жігіттің есебіне кетті.

Блогер және кәсіпкер Абылайхан Камаладдин 2 миллион теңгеден аса бергенін және Арман (шамамен Арман Юсупов) да сонша бергенін айтып өтті.

Күйеу жігіттің досы блогер Рус Либер Мағжанға сыйлық ретінде Prada костюмін, Dolce & Gabbana көйлегін және ақша бергенін айтты. Ал блогер Ұлықбек Шәріпов жас жұбайларға 1 миллион теңге сыйға тартты.

Желі қолданушылары бұл форматтағы видеоны жақсы қабылдап, белсенді түрде пікір қалдыра бастады: "Осындай достарың болғанда ғана үйлену керек", "Достарынан ештеңе аямаған, жарайсыңдар. Мағжанның өзі де жомарт", "Оларды тойыма шақырамын, тек жігіт табу қалды".

Еске салайық, өзінен 7 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан Әсел Сәдуақасова әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Ол мәһрге жаңа гелик сұрады, кейін ол үлкен қызойнақ ұйымдастырды, содан соң отбасы арасында "сырға салу" рәсімін өткізді.