7 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққалы жатқан Әсел Сәдуақасова ерекше стильде қызойнақ жасады

7 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққалы жатқан Әсел Сәдуақасова ерекше стильде қызойнақ жасады
Фото: instagram.com/asselsadvakassova

Танымал актриса Әсел Сәдуақасова достары мен құрбыларын жинап, той алды қызойнақ өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы актриса Instagram-да жариялады.

"Кеш жарық, менің қымбаттыларым. Біз бұл кешті бастаймыз", - деп жазды ол.

© instagram.com/asselsadvakassova

Кеш қонақтары айтулы кешке кино және мультфильм кейіпкерлерінің образында келді. Отандық шоу-бизнес өкілдерінен актриса Жәния Джуринская , Сая Оразғалива, әнші Рано Омарова сынды жұлдыздар төбе көрсетті. Ал өміріндегі маңызды кешті естен кетпестей етіп өткізбек болған қалыңдықтың таңдауы аппақ қысқа көйлекке түскен екен.

© фотоскрин

Айта кетейік, бұған дейін актриса Әсел Сәдуақасова өзінен 7 жас кіші жігітке тұрмысқа шығатынын жазған болатынбыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы