Жазда жолға шығарда ескеру керек нәрселер. Нутрициологтан 8 кеңес

Жазда жолға шығарда ескеру керек нәрселер. Нутрициологтан 8 кеңес
Фото: pixabay.com

Жаз мезгілінде көпшілік демалу үшін ауылға, басқа қалаға және шетелге барады. Демалыс ойдағыдай өту үшін кей ережелерді сақтаған жөн. Превентивті нутрициолог Сейтжанова Ақтоты Әуелбайқызы өзінің инстаграм парақшасында жолға шығуды жоспарлап отқан адамдарға пайдалы кеңестер берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1. Магний дәрумені. Ұшақ/пойыздағы қысым іштің желденуі мен қатуына әкелуі мүмкін. Сол кезде магний препаратын алдын–ала ішіп алсаңыз, тек асқорыту жүйесіне ғана емес, жүйке жүйеңізді тыныштандырып, ұйқыңыздың қануына себепші болады. Бұл әсіресе сағат белдеуі ауысқанда өте пайдалы.

2. Жолда жүргенде міндетті түрде алдын-ала жейтін тамағыңызды ойластырыңыз. Роллтон болмайды. Қазір пайдалы тамақтарды көптеген супермаркетте дайын күйінде сатып алуға болады. Котлет/үй шұжығы/құс еті+ салат = ең тиімді әдіс.

3. Өзіңізбен бірге тұзды спрей алыңыз. Ұшаққа мінетін болсаңыз, ол жерде ауа құрғақ болуынан мұрынның шырышты қабаты кеуіп, инфекция жұқтырып алу қаупі артады. Алдын алу үшін тек суды көп мөлшерде ішу жеткіліксіз. Қалтаңызға тұзды спрей салып алыңыз, әр танауыңызға бір-бірден самолетке отырар алдын және ұшу барысында сеуіп қойсаңыз жеткілікті.

4. Саунаға барыңыз. Барған жерде спа/ саунаға барып, организмдегі жиналған артық токсин/шлактардан арылыңыз. Сонымен қатар стрессті азайтып, көңіл-күйіңізді көтеруде саунаның үлесі мол.


5. Қозғалысты ұмытпаңыз. Барған жерде әлеуметтік желіде жатып алмай, міндетті түрде жергілікті жердің табиғатымен/тарихымен танысып жүріп қайтыңыз. Жүрек қан айналымы жақсарып, денеге оттегі тарап, бұлшықетіңіз қарқынды жұмыс жасайтын болады. Миыңыз бұрынғыдан да көп ақпаратты қорытып бастағанын сезбей қаласыз.

6. Иммунитетті көтеріңіз. Саяхат – бір жағынан эмоцияға толы сәттер болса, екінші жағынан адамның шаршап, діңкесін шығарып, әлсіретіп жіберуі мүмкін. Ондай кезде базилик секілді адаптоген шөптер, чага секілді ұнтақ түріндегі адаптоген саңырауқұлақтар – иммунитетті нығайтып, күйзеліс гормонын реттеп, энергияңызды қалпына келтіретін көмекшілер. Оны міндетті түрде сумен ішудің қажеті жоқ, тамақтың бетіне сеуіп жеуге болады.

7. Үйде де, сыртта да асқазан–ішек жолдарын пайдалы пробиотиктермен байытып отырамыз. Себебі иммунитеттің 80%-ы ішекте орналасқан. Қазір бір реттік пайдалануға арналған пакеттер көп.

8. Тыныс алу жаттығуларын жасаңыз. Кез келген демалыс қандай да бір оқиғасыз болмайды. Кептеліс, рейске/таксиге кешігіп қалу – жүйкеңізді жұқартып жіберуі мүмкін. Мұндай кезде бірден ес жиып, дәл осы сәтпен өмір сүріп, ләззат алыңыз. Бұған диафрагмалды (ішпен демалу) тыныс алу жаттығуын қоссаңыз, әсіре керемет болады.

Еске салайық, осыған дейін ұшақта өзіңмен бірге алуға болмайтын заттар тізімін ұсынған болатынбыз.

А. Жапатова