Сәкен Майғазиевтің тұңғыш ұлы бірінші әйелінен екені рас па?

Сәкен Майғазиевтің тұңғыш ұлы бірінші әйелінен екені рас па?
Фото: Instagram

Сәкен Майғазиевтің әйелі тұңғыш ұлдарына қатысты қаңқу сөздерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы олар "Жарқын жүздесу" бағдарламасында айтқан.

"Әкемнің емес, атамның жолын қудым, есепшімін. Қазіргі таңда мамандығым бойынша басқа мемлекетте жұмыс істеп жүрмін. Жақында ғана келдім. Әкем "неге отбасылық жиындарға, сұхбаттарға қатыспайсың?" дейді. Расында көбі мынау бір бөтен бала деп ойлайтын шығар", - дейді Әділет Майғазы.

Майғазиевтің әйелі де бұған қатысты пікір білдірді.

"Осыған қатысты бір қызық айтайын. Қыздарымыздың педиатр дәрігеріміз бар. Сол "ыңғайсыз болса да бір сұрақ қояйын" дейді. "Иә, сұраңыз" дедім. "Мына жердегі қыздардың бәріне қызық болып жүр, осы Әділет Сәкеннің бірінші әйелінің баласы екен ғой" дейді. Әлеуметтік желіден суреттерді қарасақ тек үш қызбен түсесіздер, үш қызбен шетелге қыдырады екенсіздер. Үнемі Әділетті қоспай қыздарды қыдыртып жүресіздер" дейді. Сонда мен оларға өгей шеше сияқты қоспай жүреді екенмін", - деп күлді әншінің әйелі.

@maliiiiiiiiikaaaaa #сәкенмайғазиев ♬ 原创音乐 - Malika

Айта кетейік, Сәкен Майғазиев жарымен бір ұл, үш қыз тәрбиелеп отыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина