"Сүйінші". Құралай Анарбекова қуанышты жаңалығын бөлісті

Танымал актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Шымкенттегі кинотеатрдың бірінде актрисаның құрметіне "Даңқ қабырғасы" жасалған.

"Сүйінші! Менің құрметіме "Даңқ қабырғасы" жасалды, сенесіздер ме?

Кеше Шымкентте фильміміздің тұсаукесері өтті. Бұдан былай Shymkent City Mall-дағы Kinoplexx 9 кинотеатр қабырғаларының бірінде менің фотосуреттерім, ал қола тоқтада қолымның ізі тұрады.

Фильм актерлеры, танымал блогерлер, продюсер, менің барлық досым мен әріптесіме осы сәтті менімен бөліскені үшін алғыс білдіремін", - деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Үйленгісі келеді". Құралай Анарбекова блогер Нұрдәулет екеуінің қарым-қатынасы туралы айтқаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қандағы тромбоцит неге көтеріледі?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!