"Үйленгісі келеді". Құралай Анарбекова блогер Нұрдәулет екеуінің қарым-қатынасы туралы айтты

"Үйленгісі келеді". Құралай Анарбекова блогер Нұрдәулет екеуінің қарым-қатынасы туралы айтты
Фото: Коллаж Instagram

Танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова NNN лақап атымен танымал отандық блогер Нұрдәулет екеуінің қарым-қатынасы қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Мамский әңгіме" арнасына берген сұхбатында бөлісті. 

"Бұл туралы алғаш рет сенің эфиріңде айтып отырмын. Мен оны қатты сыйлаймын. Біз өте жақсы доспыз. Фильмнің маркетингін оған бердім. Соның арқасында көп жерге бірге бардық, бірге жүрдік. Сол кезде бізді қоса бастады. Растаған да, жоққа шығарған да жоқпыз. Фильмге де ықпалы тиді. Ойнадық. Жаңа фильмнің маркетингін де ол алды. Екеуміздің арамызда ештеңе жоқ. Достық. Ол үйленгісі келеді, жолын байлағым келмейді. Қызы бар да шығар. Қызына бұл туралы естіген ұнамайтын да шығар", - деді ол. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек