"Жүрсін Ерманға апарып бер" деп аян берді". Танымал айтыскер ақын денсаулығына қатысты қызық оқиғасын бөлісті

"Жүрсін Ерманға апарып бер" деп аян берді". Танымал айтыскер ақын денсаулығына қатысты қызық оқиғасын бөлісті
Фото: instagram.com/zhursin_yerman

Ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман "Tansholpan" таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасына берген сұхбатында сырқатынан айығып келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Алматыдағы белгілі бір зауыттың директоры арнайы әкеп берген дәрісін ішкеннен кейін жағдайы жақсарған. 

"Астана мен Алматыда, шет елге барып та емделдім. Бір қызық оқиғамен бөлісейін. Алматыда "Жалын" деген зауыт бар. Бағанас күрішінің қалжынынан капсула жасап шығарады екен. Зауыт директоры Қарақаттың айтуынша, олар тек Бағанастың күрішін қолданады екен, басқасынан шықпайтын көрінеді. Мұны олар 9 жыл зерттеп, дауа тапқан екен. Сөйтіп ол түсімде біреу "мына дәріні Жүрсін Ерманға апарып бер, соған ем болады деп аян берді, сондықтан алдыңызға келіп тұрмын" деп әкеп берді. Соны ішіп, кішкене жақсарып қалдым. Қан қысымым да төмендеді, аяғымды басып жүрмін, алысқа бармағаныммен, таяғяма сүйеніп, ептеп-ептеп жүремін. Оған қоса, қаншама мыңдаған адам менің саулығымды тілеп жатыр, бұл да бір ауруымның шипасы болған шығар деп өзім ойлаймын", - деді ол. 

Айта кетейік, бұған дейін "Тағы да біраз жүре тұрамын ба деп ойлаймын". Жүрсін Ерман мүшел жасында басынан өткен қиыншылықтары туралы айтқаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Абысынға қандай тілек айтуға болады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә