"Тағы да біраз жүре тұрамын ба деп ойлаймын". Жүрсін Ерман мүшел жасында басынан өткен қиыншылықтары туралы айтты

"Тағы да біраз жүре тұрамын ба деп ойлаймын". Жүрсін Ерман мүшел жасында басынан өткен қиыншылықтары туралы айтты
Фото: "Tansholpan"

12 ақпан ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның туған күні. Ол "Tansholpan" таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасына берген сұхбатында мүшел жасқа толғанда басынан өткен оқиғаларын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақынның сөзінше, мүшел жасқа толған әр жылдары өмірінде маңызды бір оқиға болған. 

"73 жасқа толдым, қазақтың мүшел жас деген ырымы бар ғой. Мүшел деген қай уақытта болсын оқиғаға толы болады. 13 жасымда не болғаны есімде жоқ, бірақ 25 мүшелімде бір қойшының үйінде құтырған ит қапты, 37 мүшелімде қолымды сындырып алдым, 49 мүшелімде шешемді алып кетті, 61 мүшелімде жүрек, бүйрек, бауыр дегендей ауру айналдыра бастады. Осыдан аман-есен шықсам, тағы да біраз жүре тұрамын ба деп ойлаймын", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Финишке таянып қалды, толықтай айығып сауығатын түрім жоқ". Жүрсін Ерман қазіргі жағдайы туралы айтқаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Әдеби образдың қанша түрі болады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә