Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Сәнді аксессуар: Жалпақ ободок

Сәнді аксессуар: Жалпақ ободок

Сәнді аксессуар: Жалпақ ободок

Әр маусым сайын жаңа тренд келіп, ескісі ұмытылып жатады. Бірақ корольдік отбасылардың өзіндік сән әлемі бар. Корольдік сән өткінші тенденциялардың артынан ермей, классиканы ұстанғанды жөн көреді.

Бірақ кейде монарх әйелдердің гардеробындағы киімдер немесе аксессуарлар подиумнан көрініп, трендке айналып кетеді. Сондай аксессуардың бірі – жалпақ ободок. Мұндай ободоктар биыл подиумдарда өте көп кездесті.

Монарх әйелдерге қойылатын талаптың бірі – қандай да бір шараларда қалпақ киіп жүру. Кейт Миддлтон кейде қалпақты жалпақ ободокпен ауыстырады. Мұндай ободок заманауи әрі стильді көрінеді. Кейт Миддлтоннан мұндай ободоктың барқыт, түрлі түсті, гүлі бар немесе өрілген түрлерін байқауға болады.

Әрине, мұндай ободокты тек корольдік отбасы мүшелері емес, 60-шы, 70-шы, 80-шы жылдары сәнқой қыздар да тақты.

Қазір өз стиліңізге қарай жалпақ ободок табу қиынға соқпайды. Себебі мұндай ободоктардың түр-түрін масс-маркеттен кездестіруге болады. Оның біртүсті немесе інжу тастары бар түрін киіп көріңіз. Күздің жылы күндері оны бас киімнің орнына тағып алуға болады.

Жалпақ ободоктың артықшылықтары көп:

- Ол кешкі шараларда киім үлгісіне салтанаттылық сыйлайды;
- Шаш үлгісін жасауға уақыт болмаған кезде кез келген шашты жинақы етеді;
- Ол шашты көлемді етіп көрсетеді;
- Мұндай ободок визуалды түрде бойды сәл ұзартады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pinterest.com
Қосылған күні: 23 қазан, 13:12

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.