Сәнді аксессуар: Шалбарға арналған шынжыр

Сәнді аксессуар: Шалбарға арналған шынжыр
Фото: bershka.com

Шынжыр қайтадан басты трендтердің біріне айналды. Эльза Хоск пен Белла Хадид сияқты атақты модельдер дөрекі шынжыр алқаны нәзік көйлектермен үйлестірсе, дизайнерлер шынжырды джинс шалбарына тағуды ұсынды. Бұл аксессуарды wallet chain деп атайды.

Шынжырды белдік ретінде беліңізге орауға немесе салпыншақ ретінде ілуге болады. Киім үлгісі дөрекі болып кетпес үшін мұндай шалбарға арналған шынжыр салпыншақтың көбелек немесе басқа да нәзік деталі бар түрін таңдаңыз.

Шынжырларды джинс шалбарына алғаш таққандардың бірі – байкерлер. Олар мотоциклмен жылдам жүрген кезде әмияндары мен кілттерін жиі жоғалтып алатын болған. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін олар заттарын джинстағы шынжырға бекітіп қоятын болған. Дизайнерлер байкерлерден шабыт алғандай көрінеді: олардың  шалбарға арналған шынжырларға кілттерді ілгенін жиі байқауға болады.

А. Жапатова