Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Әйгілі дизайнер Карл Лагерфельд дүниеден өтті

Әйгілі дизайнер Карл Лагерфельд дүниеден өтті

Әйгілі дизайнер Карл Лагерфельд дүниеден өтті

Chanel сән үйінің креативті директоры Карл Лагерфельд 19 ақпан күні 85 жасында қайтыс болды. Карлдың жағдайы нашарлағандықтан, оны дүйсенбі күні Париждегі Америкалық ауруханаға жатқызған. Ол соңғы кездері әлсізденіп, ауырып жүрген. Карл Париждегі кутюрьелік сән апталығындағы өз көрсетілімінің соңында халыққа көрінбеді, сахнаға шықпады. Оның орнына бас июге Виржини Виар қара киім киіп шықты.

Карл Лагерфельд 1970 жылы

Карл Отто Лагерфельд – неміс сәнгері және суретшісі. Ол 1933 жылы Гамбургте дүниеге келген. Ол Fendi, Chloe және Krizia сән үйлерінде жұмыс істеді. Өз есімімен атаған компанияны ол 1974 жылы құрды. Ал 1983 жылы Карл Chanel сән үйінің көркемдік директоры болды. Ол жерде бастапқыда прет-о-порте топтамасын жасаумен жұмыс жасаса, кейін KL және KL by Karl Lagerfeld топтамасының негізін қалады.

Карл 1987 жылы француз моделі және музасы Инес де ла Фрессанжбен бірге

Сәннен басқа Карл Лагерфельд суретпен және графикамен әуестенген. Оның fashion-суреттері өте кәсіби және фактурасы бойынша ескі дагерротипті болып келетін. Атақты сәнгердің тағы бір қызығушылығы кітаптарды коллекциялау болатын. Ол библиографиялық сирек кездесетін заттарды жинаумен қатар өзі де кітаптар (соның ішінде, өзі түсірген суреттері бар альбомдар) шығарды. Ол Парижде 7L баспасын және Lagerfeld Gallery — Studio 7L галереясын ашты.

Карл Лагерфельдтің өлімі туралы естігеннен кейін, Chanel сән үйі студиялық директор ретінде Виржини Виарды тағайындағандығын хабарлады. Карл Виржиниді өзінің оң қолы екендігін айтатын болған. Олар бірге 30 жылдан аса жұмыс жасады.

Ол табысқа жету құпиясы туралы сұраққа бір сұхбатында былай жауап берді: "Жалғыз құпия – ол жұмыс істеу, жинақы болу және қалыпты өмір сүру салтын ұстану: ішімдік ішпеу, темекі тартпау, есірткі қабылдамау. Көп нәрсе өзіңнің қандай жетістікке жеткің келетініне байланысты деп ойлаймын".

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: elle.ru, Roger-Viollet
Қосылған күні: 20 ақпан, 08:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.