Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Сән тарихы туралы қызықты 3 кітап

Сән тарихы туралы қызықты 3 кітап

Сән тарихы туралы қызықты 3 кітап

«Жоғары сән», Жани Саме 

Кітаптың авторы — француз журналисі және сән сыншысы Жани Саме. Бірнеше жылдар бойы  L'Aurore және Le Figaro газет-журналдарында қызмет атқарған. Сән әлеміндегі ең маңызды оқиғаладың ортасында жүріп, Карден, Сен-Лораном, Версаче, Армани, Гуччи, Унгаро, Гальяно мен Валентино сынды сән саңлақтарымен жақын қатынаста болған. Саме кітабында дарынды дизайнерлер туралы қалжың аралас әңгіме қозғайды. Бұл кітапты оқып болған құдды париждік қоғам қаймағы сіздің жақын танысыңыздай күй кешесіз.

«Карл Лагерфельд. Өмір даналығы. Стиль философиясы», Жан-Кристоф Напиа, Сандрин Гюльбенкян

Тірісінде еңбегі бағаланып, атақ пен абыройға кенелетіндер өте аз. Ал, Карл Лагерфельд сол бірегей тұлғалар қатарында. Жазушы, суретші, фотограф, режиссер, дизайнер Карл 83 жасына дейін өкінбестей ғұмыр кешіп келеді. «Карл Лагерфельд. Өмір даналығы. Стиль философиясы»  кітабымен танысқан оқырман Chanel сән үйінің иесі неліктен шылым шекпейтіні, ақшаны неге жұмсағанды ұнататыны, оның осал тұстары және т.б. туралы қызықты мәліметтерге қарық болады.

«Менің Ив Сен-Лораным», Катя Перцова

Катя Перцова 20 жылдан астам уақыт бойы Yves Saint Laurent шеберханасында жұмыс жасап, атақты брендтің аяқтан тұру үдерісінің куәгері болды. Орыс ұлтының өкілі ретінде Катя Перцова өз кітабында Ив Сен Лоран шығармашылығындағы орыс ұлттық мақамдары мен сарындарына айрықша көңіл бөлген.

Автор естеліктерінен бөлек, аталмыш кітапқа сән үйі тарихындағы маңызды тұлғалардың да әңгімелері енген. 

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: www.arthistory.ru
Қосылған күні: 25 қаңтар 2019, 12:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.