Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Қынаның шашқа әсері

Қынаның шашқа әсері

Қынаның шашқа әсері

Қына – Лавсония өсімдігінен жасалады. Оның биіктігі шамамен 2-3 метр, ал кей аймақтарда 6-7 метрге дейін жетуі әбден мүмкін. Бұл өсімдік Солтүстік Африка мен Шығыс елдерінде кеңінен тараған. Үндістанда, Суданда, Египетте өседі. Лавсония өсімдігінің жапырағының жоғары бөлігі бояғыш зат шығарады. Сондықтан, лавсония өсе бастаған кезде жоғарғы жапырақтарын ерте теріп алып, ұнтаққа айналдырады. Себебі, жас жапырақтан сапалы әрі қанық бояу өндіріледі екен. Құрамында С, В, К дәрумендері мен қара майы бар қынаны химиялық бояғыштармен салыстырсақ айырмашылығы жер мен көктей.

Қынаның үш түрі бар. Үнділік, ирандық және қытайдың қыналары нарықта бар.

Ирандық қына – бағасы жағынан ең арзан әрі қолжетімді түрі. Сондықтан, кез-келген шығыс бояулары мен опа-далаптары сатылатын дүкеннен оңай таба аласыздар.

Үнділік қына сәл қымбаттау  болады. Әрине, сапасы да құнына сай жоғары. Алайда, кез-келген дүкеннен табуыңыз екіталай. Арнайы ғаламтор арқылы тапсырыс беріп, біраз күтуіңізге тура келеді.

Қытай қынасы ең қымбаты әрі таптырмайды. Бұл қыналар көпшілік кезде қытайдың шөптен жасалған арнайы косметикалары мен емдік дәрі-дәрмектерінің құрамында кездеседі.

Шаштың көп түсуіне тосқауыл болу үшін қына ертіндісін шаштың түбі мен барлық ұзындығына маска ретінде жағып, 20 минуттай күтеміз. Кейін мұқияттап лимон қышқылымен жуамыз. Осы әдісті бірнеше рет қайталау арқылы керемет нәтижеге қол жеткізуге болады.

Бұдан бөлек, қынан шаштағы қайызғақты жояды, шаштың майлылығын реттейді. Мұның нәтижесінде сізге шашыңызды күнде емес, аптасына бір рет жууға болады. Және қынамен боялған шаштар жылтыр әрі берік бола бастайды.

Шаштың түбіне жағылған қына 25-30 %  қалыңдық пен көлем сыйлайды екен.

Қынаны қолдану үшін арнайы жасқа толудың қажеті жоқ. Себебі, табиғи қына ешқандай аллергия бермейді және денсаулыққа еш зияны жоқ.

 

дереккөз:comode.kz

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: being-woman.ru
Қосылған күні: 28 қазан 2018, 18:00
Тегтер: қына, шаш, бояу, күтім,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.