Күзде бет терісін қалай күтесіз?

Күзде бет терісін қалай күтесіз?
Фото: marieclaire.ru

Әр мезгілдің өзгеруіне сәйкес бет күтімі де өзгереді. Өйткені, әр мезгілдің өзіне ғана тән ерекшелігі бар.

Жаңбыр, суық жел, төменгі температура мен көкіністер мен жемістердің тамақ тәртібінен шыға бастауы бет терісінің бұзылуы мен қызару, ісік пен түрлі безеулердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Ондай жағдайда не істеу керек?

1. Дұрыс тамақтаныңыз және су ішуді ұмытпаңыз. Өйткені, ағзаңыз кез-келген өзгеріске сезімтал келеді.

2. Теріге арналған косметикалық заттарды орынды таңдаңыз.

3. Бастысы – бет тазартатын арнайы жақпаларды таңдауда қателік жібермеу. Майлы бет терісіне арналған сабынның орнына гидрофильді жақпа майын қолданыңыз. Аралас немесе орташа майлы бет терісіне арнайы гель мен көпіршікті сусабын қолданыңыз. Ал, құрғақ бет терісіне сүтті тазартқыш қолданған жөн.  

4.  Ойланып көріңіз, суды мицияллярлы тазартқыш пен емдік шөпті сусабындарға алмастырған дұрыс па?

5. Бетіңізді ылғалдандыруды ұмытпаңыз. Күз басталысымен көптеген тері құрғай бастайды. Нәтижесінде әжім тез түсіп, тері өз өңін жоғалта бастайды.

6. Теріге арналған нәрлендіргіш жақпай майын таңдауда сақтық керек.

7. Күннен қорғайтын жақпа майды да естен шығармаңыз. Күннің түсуі азайғанмен, тері күн сәулесін бәрібір қабыладйды. Демек, пигментті дақтардың пайда болу қаупі әлі де бар. Күндізгі ақпа майдың құрамында сізді күннен қорғайтын мүмкіндігі болуы шарт.

Өзімізге белгілі күнделікті кеңеске құлақ асыңыз: теріңіз сізді қуантары сөзсіз. Күз – сұлу болуға мүмкіндік беретін ең керемет мезгіл. Қапы қалмаңыз.

Т. Есқали