Одри Хепберн қазіргі кезде өмір сүрсе...

Одри Хепберн қазіргі кезде өмір сүрсе...
Фото: medny.ru

Сөзсіз сұлу Одри Хепберн өз мансабында экран беттерін де, сән әлемін де жаулап үлгерді. Оның кейпін миллиондаған адамдар қайталады, ал оның стиліне атақты дизайнерлердің өзі шабыттанатын.

Fendi итальялық сән үйі актрисаға арнап ішік және 1957 жылы Givency бренді атаулы иіссу шығарды. Итальялық сәнгер Salvatore Ferragamo актрисаның киімдегі ыңғайлылық пен қарапайымдылыққа деген махаббатын айқындай отыра, Одриге арнап бауы бар балетка ойлап тапты.

Ол әлемге атақты сән басылымдарының беттерінен де көрініп жүрді.

Алайда, ең маңыздысы – Одри Хепберн өз киімдерін таңдауда жеңілдік пен шағындыққа мән беруі. Актриса қазіргі кезде өмір сүрсе қалай киінер еді?

1. Жолақ

Қарапайым бұл пирнтті Одри біртүсті шалбарлармен немесе тобыққа дейінгі каприлермен үйлестірді. Сондықтан, екпін үстіңгі киімге қойылатын.

2. Total black

Тұтас қара немесе тұтас қою реңкті киімдер кез келген фигура типіне жарасады. Актриса денесіне дәл келетін киімдерді жақсы көретін. Ал аяқ киімнің өкшесі жоқ түрлерін (балетка, мокасин, слиппер) таңдайтын.

3. Костюм

Көйлегі немесе белдемшесі бар біртүсті костюмдер – Одридің тағы бір сүйікті киімдерінің бірі.

4. А-бейнелі пальто

Мұндай пішім нәзік болып келгендіктен, қосымша аксессуарды қажет етпейді. Одри мұндай пальтоны көйлектің, белдемшенің және қарапайым шалбардың сыртынан кигенді ұнататын. Ол бұл киім үлгісін де балеткамен толықтыратын.

5. Қалпақ

60-жылдардың стиль иконасы бас киім түрлерін шеберлікпен қолдана алатын. Бұл элемент киім үлгісіндегі басқа киімдер қарапайым болған кезде жақсы жараса кетеді.

6. Көзілдірік

Атақты «мысық көз» жиектемесі Одри Хепберн стилінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл аксессуар да ерекше болғандықтан, басқа киімдер қарапайым болып келетін. Мысалы: қарапайым шалбар, водолазка және ыңғайлы аяқ киім.

Актрисаның стилін заманауи сәнде де қолдануға болатындығына дәлел ретінде Виктория Бэкхемнің киіну ерекшелігін ұсынуға болады. Олардың бір ғана айырмашылығы – Виктория Бекхемнің биік өкшелі аяқ киімді ұнатуы.

А. Жапатова