2018 жылғы көктем-жаз мерзімінің 12 сәнді түсі

2018 жылғы көктем-жаз мерзімінің 12 сәнді түсі
Фото: style.rbc.ru

Pantone түстер институтының сарапшылары 2018 жылғы көктем-жаз мерзімінің ең сәнді түстерін анықтады. Жаңа палитра қуанышқа толы. Барлық реңктер бір-бірін толықтыра отырып, араластырылып та қолданылады.

Жаңа палитра 16 түстен тұрады, оның ішінде Pantone төрт базалық реңкті бөлек ерекшелеп қойды. 2018 жылғы көктем-жаз мерзімінің 12 сәнді түсіне мыналар кірді:

- сары Meadowlark және Lime Punch;
- ақшыл көк Ultra Violet және Spring Crocus;
- алқызыл Pink Lavender және Blooming Dahlia;
- қанық қызыл Cherry Tomato;
- қоңыр Chili Oil және Emperador;
- көгілдір Little Boy Blue;
- жасыл Arcadia;
- бейтарап Almost Mauve.

1. Meadowlark – Сарыторғай

Шырынды және балғын «сарыторғай» реңкі сәнді жылы мерзім топтамасына кіреді және көктем-жаз мерзімінің басты түсінің біріне жатады. Meadowlark – ол күннің шуағы және өмірлік энергия. Ол қуанышпен және күлкімен толтырылған. Бұл түс көптеген топтамаларда кездесті: Marc Jacobs, Tom Ford, Diane von Furstenberg, Gucci, Prabal Gurung, Calvin Klein. Ол өздігімен толыққанды түске жатқанымен, басқа да түстермен жақсы үйлесім табады. Ол ақ және қара түспен керемет үйлесе алады.

2. Cherry Tomato – Черри қызанағы

Ол өзіне қызғылт және сарғылт түсті қосатын импульсті реңк. Оның жылы жарқырауын байқамай қалу мүмкін емес. Бұл түсті киімдер өзіне сенімді бойжеткендерге арналған. Мұндай түсті киімдер мына топтамаларда кездесті: Altuzarra, Proenza Schouler, Delpozo, Gucci, Rodarte, Victoria Beckham, Adam Selman, Christian Dior. Қызыл реңк көптеген түстермен үйлесім табады. Cherry Tomato қарамен, ақпен және алтын түспен керемет үйлеседі.

3. Little Boy Blue – Балғын көгілдір

Аспандай көгілдір түс енді тек кішкентай балалардың артықшылығы ғана емес. Таңғы аспанның көгілдірі мен көкшілдігі нәзік Little Boy Blue реңкіне қосылған. Бұл тыныш түс бір қарағаннан арбап алады. Бұл түсті киімдерді өз топтамаларына мына танымал брендтер қосты: Versace, Michael Kors, Carolina Herrera. Ол өздігімен немесе басқа нәзік реңктермен үйлесім табады.

4. Chili Oil – Чили майы

Қанық қоңыр-қызыл Chili Oil түсі ащы тұздыққа ұқсастырылады. Бұл түс өзіне жақын түстермен үйлесім табады. Мысалы: қоңыр, қою қызыл, кірпіш түс. Мұндай түсті киімдерді Coach, Altuzarra, Marchesa және басқа да брендтер өз топтамасында қолданды.

5. Pink Lavender – Алқызыл лаванда

Алқызыл түстің бірден үш реңкі осы мерзімнің сәнді тенденциясына кіріп отыр. Соның бірі – Pink Lavender. Ақшыл көк және алқызыл түс тыныштық пен татулық сыйлайды. Ол тыныш түс болғанымен, оны жалықтырғыш деп айта алмаймыз. Оны жалбыз түспен, ақпен, сарғышпен, қоңырмен және ашық сұрмен үйлестірген жөн. Әсіресе, «алқызыл лаванда» сәнді «бала көгілдірімен» керемет үйлесім табады. Michael Kors, Rodarte, Tom Ford, Versace, Gucci секілді атақты сән үйлері өз топтамаларының басты түсі ретінде «алқызыл лаванданы» қолданды.

6. Blooming Dahlia – Гүлденген нарғызгүл (георгин)

Алқызыл түстің тағы бір сәнді реңкі – Blooming Dahlia. Бұл реңк те нарғызгүл секілді өзінің әсемдігімен тартады. «Гүлденген нарғызгүл» түсі басқа түстерге қарағанда ақ түспен жақсы үйлеседі.

Жалғасы бар...

А. Жапатова