Көктем-жаз 2018: сәнді сөмкелер #2

Көктем-жаз 2018: сәнді сөмкелер #2

Дизайнерлер жаңа топтамаларында мөлдір материалдар, шашақ және пайеткалар қолданған. Олар пішінді, текстураны және түсті "ойнатты". Дизайнерлер белдік сөмкелерді қайтарды және поп-арт принтін еске түсірді. Сөмке үлгісінің әртүрлілігіне қарамастан, дизайнерлер әмбебаптыққа екпін қойды.

Басы

Дөңгелек және жартылай дөңгелек сөмкелер

Дизайнерлер түспен және фактурамен жұмыс істеп қоймай, пішінмен де тәжірибе жасаған. Трапеция, квадрат, төртбұрыш, үшбұрыш – бұл барлық сәнді геометрия олардың топтамаларынан орын алды. Бірақ осы жылы дөңгелекке  ерекше орынды берді.

Дөңгелек және жартылай дөңгелек сөмке пішіндері 2018 жылдың сәніне айналды. Мұндай үлгілі сөмкелер сыйымды болуымен қатар, бұрыштары болмағандықтан өте нәзік көрінеді.

Классика – сәннің «мәңгі қозғалтқышы»

Дизайнерлер қатаң классикаға өз идеясын қосып, жаңартты. 2018 жылы нақты геометриялық пішіні бар классикалық сөмкелер сәнде болады. Екпін ерекше түймеге, ұқыпты зерге және жазғы түстерге қойылған.

Киім принтін қайталайтын сөмке

Total look үлгісі дизайнерлер ойынан шығар емес. Әр атақты бренд total look үлгісін өздігінше ұсынды.

Пайетка және глиттер

Жылтырға деген сән бірнеше мерзім қатарынан келе жатыр. Былтырғы сәнде металл эффектісі бар сөмкелер трендке айналса, осы жылы пайеткадан жасалған киім мен аксессуарлар танымалдылыққа ие. Пішініне келсек, оған шағын сөмкелер, клатчтар және шабадандар сәйкес келеді. Оның белдігі жоқ немесе оның орнына онша көрінбейтін шынжыр болуы мүмкін.

Поп-арт принті

Поп-арт принті пайетка секілді киімді, аяқ киімді және аксессуарды безендіруде алғашқы орындардың бірінде тұр. Подиумдардан күлкілі жазулар, комикс кейіпкерлері, көркемдік суреттердің және азық-түліктің иллюстрациялары көптеп кездесті.

Шашақты сөмкелер

Шашақ бірнеше жыл бұрын жоғары сәннен өз орнын тапты. Ал 2018 жылдың топтамаларында ол өте көп кездесті. Ол барлық жерде, яғни, киімде, аяқ киімде, әсіресе сөмкеде жиі кездесті. Мұндай сөмкенің пішіні түрлі болуы мүмкін. Ол классикалық сөмкеде, кешкі клатчта және күнделікті дорба сөмкелерде де болуы мүмкін. Шашақ қосымша элемент болудан қалды, ол басты екпінге айналды. Сондықтан ол айқын әрі ұзын бола түсті.

Рептилия терісінен жасалған сөмке

Қарапайым былғары шығармашылық материал ретінде азая бастағанда, дизайнерлер қымбатырақ әрі ерекше рептилия терісіне бет бұрады. Подиумдардан жылан және қолтырауын терісінің суретін қайталайтын принттер кездесті.