2018 жылы сәннен шықпайтын 7 киім

2018 жылы сәннен шықпайтын 7 киім
Фото: medny.ru

Дұрыс таңдалған киімді басқа киімдермен түрлі жолмен үйлестіру оңай. 2018 жылы да сәнде қала беретін киімдер тізімін ұсынамыз.

1.Асимметриялық белдемше

Асимметрия жаңа мерзімде танымалдылыққа ие. Стандартты емес ойықтар, түрлі ұзындықтағы етек, пішімнің архитектуралық элементтері – осы әдістер жаңа көктем-жаз топтамасында жиі қолданылған.

Асимметриялық пішімді белдемше – жаңа топтамаға дейін сәнге келген ыңғайлы әрі толықтырғыш киімнің бірі. Көктемде оны шағын свитермен, ал жазда қарапайым жейде немесе футболкамен киюге болады. Принтке келетін болсақ, гүлді және торлы түрі сәнде қала береді.

2. Белдігі бар тік пальто

Жинақы пішім және қынама бел – ұзақ киюге болатын базалық пальтоның мінсіз пішіні. Оның біртүсті немесе алабажақ емес принті болғаны жақсы. Мұндай пальто үлгісі кеңсеге де, күнделікті киюге де жақсы келеді.

3. Иығы ашық топ

2018 жылы иығы ашық тұратын топтар да сәннен шықпайды. Бір немесе екі иығы да ашық топтар сәнде болады.

4. Жинақы тобықты етік (ботильоны)

Бірнеше мерзім бұрын тегіс бетті етік сәнге келді. Ол өзінің ерекше өкшесімен немесе бөлек элементімен айрықшалануы мүмкін. Оны түрлі киімдермен үйлестіруге болады.

5. Қарама-қарсы элементтері бар сөмке

Бірнеше түстерден тұратын сөмке сәнге қайта оралды. Сәнге қарамастан біртүсті сөмкеге қарағанда бірнеше түсті сөмке кез келген киім үлгісіне ерекшелік сыйлайтыны рас.

6. Қысқартылған шалбар

2018 жылы қысқартылған шалбарлар да сәннен шықпайды. Мұндай шалбарды тобықты етікпен, қайықша туфлиімен және кроссовкамен де үйлестіре беруге болады.

7. Кең свитер

Кең тұратын свитер күз бен қыстың базалық киіміне айналды. Көктемде де ол джинс шалбарымен, классикалық шалбармен және миди белдемшемен киюге ыңғайлы.

А. Жапатова