Күз-қыс 2017-2018: сәнді шалбарлар #2

Күз-қыс 2017-2018: сәнді шалбарлар #2

2017-2018 күз-қыс топтамасындағы сәнді шалбарлар өте жылы, нәзік және қолайлы болады. Дизайнерлер заманауи бойжеткеннің гардеробында кем дегенде үш шалбар (кеңсе немесе кешкі киім үлгісін жасауға арналған классикалық шалбар, бейресми жағдайға арналған қолайлы шалбар және стандартты емес өте ашық түсті немесе қызық пішінді шалбар) болуы керектігін көрсетті. Ендеше суық мезгілде қандай шалбарлар сәнде болатындығына тоқталайық.

Басы

Былғары шалбар

Дизайнерлер былғарыны агрессиялық және рок, готикалық стильдерде қолданытылатын материалдар қатарынан алып тастап келеді. 2017-2018 күз-қыс топтамасындағы былғары шалбарлар таралымы бойынша барлық рекордты озып өтпек. Себебі оны күнделіктіден бастап кеңселік шалбарға дейін қолданған. Осы уақытқа дейін көріп жүрген былғарыдан жасалған денебітімді шалбар емес (леггинсы), былғары шалбардың басқа барлық түріне қолданылады. 

Барқыт шалбар

Ақсүйектік, бірақ өте жайлы мата суық мезгілде де сәнде болады. Барқыт бұрын тек кешкі киім үлгісіне жатса, қазір оны күнделікті киімдерге де қолданады. Барқыт шалбарға өте ашық түстер қолданылмайды, оның қара, қою қызыл, қою жасыл секілді қою түстерін таңдаған жөн.

Ақ шалбар

Суық мезгілде қою түсті киім киіп жүру әдетке айналса да, дизайнерлер ақ киім киюді ұсынады. Ақ түс әмбебап түс болғандықтан, кез келген киіммен үйлесім тауып кетеді. Сонымен қатар total white стилінде киіну де сәнде болады.

Total look

Тұтас бірдей түсте киіну үлгісі сәннен өз орнын бермей келуде. Атақты сән көрсетілімдерінде барлық дерлік дизайнерлер шалбарға сондай түстес жоғарғы киім таңдаған. Егер сіздің сәннен кеткен шалбарыңыз болса, оның үстіне сол түстес жоғарғы киім тауып алып кисеңіз болады.

Бұлық (лампас) шалбар

Шалбардың жанындағы түрлі түсті жолақтар спорттық киімде ғана болады деп санасаңыз, қателесесіз. 2017-2018 күз-қыс топтамасында бұлық шалбарлар сәнді безендірілген ең танымал шалбар болып саналды. Мұндай шалбар спорттық болып көрінбеуі үшін оны классикалық жейделермен үйлестірген жөн.

Жалпақ белдігі бар шалбар

Жалпақ белдік бойжеткен белін жіңішке етіп көрсетеді. Егер киім үлгіңіз қарапайым көрінсе, оны жалпақ белдік көмегімен қызықты етіп өзгертуге болады. Кей дизайнерлер ұзын матадан жасалған белдіктер ұсынды. Онымен беліңізді байлап, бант етіп безендіруге болады.

Комбинезон

Егер шалбардың үстіне не киемін деумен уақытыңыз өтсе, дизайнерлер сәнді комбинезондар ұсынды. Комбинезонды бұрынғыдай тек кешкі кездесулерге емес, дұрыс таңдасаңыз, күнделіктіге де киюге болады. Комбинезонмен кешкі киім үлгісін жасағыңыз келсе, V-бейнелі ойығы бар түрін таңдауға болады. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ағылшын дәрігері өкпені коронавирустан қорғау әдісін көрсетті (видео)
Ағылшын дәрігері өкпені коронавирустан қорғау әдісін көрсетті (видео)
SpaceX тағы 57 жер серігін ұшырды
SpaceX тағы 57 жер серігін ұшырды
Азамат ӘЛІБЕК: Уақыт қана күбірлеп үстелде отыр"
Азамат ӘЛІБЕК: Уақыт қана күбірлеп үстелде отыр"
Эскимостар туралы қызықты деректер
Эскимостар туралы қызықты деректер
"Манчестер Сити" "Реалдан" айласын асырды, Роналдудың дублі "Ювентусты" келесі кезеңге шығара алмады (видео)
"Манчестер Сити" "Реалдан" айласын асырды, Роналдудың дублі "Ювентусты" келесі кезеңге шығара алмады (видео)
Аммиак селитрасы тарихта бірнеше рет үлкен жарылысқа себеп болған
Аммиак селитрасы тарихта бірнеше рет үлкен жарылысқа себеп болған