Атақты Hermès орамалында енді жылқы және түркі өрнектері бейнеленеді

Атақты Hermès орамалында енді жылқы және түркі өрнектері бейнеленеді
Фото: www.vogue.com

Атақты Hermès сән үйі жылқы мен түркі ою-өрнектері бейнеленген жаңа каре үлгісін көрсетті.

Жаңа орамал түрі Appaloosa des Steppes (Дала аппалузалары) деп аталады. Аппалузалар – АҚШ даласында мекендейтін жылқының түрі. Жібек орамалдың қалыбы  Hermès сән үйінің қалыптасқан үлгісіне сай – 90x90 см. Сонымен қатар, барлығы да қолдан жасалған, аса бағалы өнім.

Hermès сән үйі орамалдың 10 түсін ұсынып отыр. Appaloosa des Steppes каресінің бағасы да стандартты түрде – 350 еуро.

Жалпы, Hermes каре – аңызға айналған сән бұйымы. 1928 жылы өндіріске шыққан орамалдар нағыз ақсүйектердің аксессуарына айналып үлгерді. Шаршы қалыпты кішкене каре сәнсүйер қауымның санасында “классика” ретінде мәңгі сақталмақ.

А. Оралқызы