Қыз балада болуы керек заттар

Қыз балада болуы керек заттар
Фото: goodfon.ru

Өз-өзін құрметтейтін кез келген қыз балада мынадай заттар болуы керек. 

1. Үш сөмке. Көлемі үлкен, орташа және кешкі сөмке қыз баланың гардеробынан табылуы тиіс. Күн сайын ұстайтын сөмкеңіздің қымбат теріден тігілгені жөн. Ал көлемі орташа сөмкені қыдырғанда, сауда-саттық жасауға шыққанда ұстауға болады. Кешкі сөмке тойға, қонақтыққа барғанда сенімді серігіңізге айналады.

2. Алқа, браслет. Әр арудың талғамы әртүрлі болса да, кез келген қыздан жарқыраған қалың браслет табылуы тиіс. Өйткені ол барлық дерлік киіммен жарасып кетеді. Сондай-ақ белге дейін жақындайтын ұзын алқаны да кез келген киіммен тағуға болады. 

3. Белдік. Әдемі белдік көйлекпен де, шалбармен де үйлеседі. 

4. Шарф. Шарфтың кашемирден жасалған түрін таңдасаңыз, өкінбейсіз. Өйткені ол әдемі, жылы және сырт көзге қымбат көрінеді. 

М. Оңғарова