Жолақ белдемшені немен киеміз?

Жолақ белдемшені немен киеміз?
Фото: ar.aliexpress.com

Жолақ — әмбебап жазғы принт қана емес, сонымен қатар биылғы мерзімнің тренді. Осы жазда жолақ белдемшені немен киюге болатынына бірнеше идея ұсынамыз.

Мини белдемше

Қысқа жолақ белдемше — қай уақытқа қарамастан нағыз классика. Оның тіке әрі жіңішке немесе көлемді түрлері де болады. Көлемді белдемшені жейдемен, джинс күртесімен және жилетпен киюге болады. Тіке әрі қысқа белдемше ыстық күндері кез келген ашық түсті топпен келе береді. Демалысқа шығатын уақытта мұндай белдемшелерді теңіз стиліндегі киімдермен үйлестіруге болады.

Қарындаш белдемше

Биыл қара мен ақ түсті жолақты қарындаш белдемшелер ғана емес, сонымен қатар түрлі түсті жолақты белдемшелер де сәнде болады. Соның ішінде, жіңішке қарындаш белдемше, өте жіңішке жолақтар және анық түстер кеңінен таралады. Мұндай белдемшені ақ жейдемен және бір түсті топпен киюге болады. Бұл киім үлгісіне клатч сөмкесі жақсы үйлесім табады.

Ұзын белдемше

Биылғы сәннің тағы бір тренді — ұзын әрі нәзік түсті жолақ белдемшелер. Оны рюкзакпен және мюли аяқ киімімен киюге болады. Бұл киім үлгісін сүйікті қалпағыңызбен және бос тұратын топпен толықтырыңыз.

Миди белдемше

Романтикалық ақ пен қара жолақты миди белдемше ашық түсті аяқ киімдермен жақсы үйлеседі. Оны нәзік топпен және кеудешемен толықтырып, кездесуге ойланбастан киіп баруға болады. Миди белдемшені кроссовкамен де киіп, спорттық киім үлгісін жасауға болады.

Жолақ белдемшені киюдің негізгі ережелері:

– Бір киім үлгісінде бірнеше жолақ киімді мұқият үйлестіріңіз. Ыңғайсыз көрінбес үшін жолақ белдемшені бір түсті топпен киген жөн;
– Жолақ киім гүлді принт сияқты басқа принттермен де үйлесім табады;

– Жолағы тігінен орналасқан киімдер сізді ұзын етіп көрсетеді;
– Жолақ белдемшені тегіс қара топпен кисеңіз, арық қылып көрсетеді;
– Киім үлгісі қарапайым көрінбес үшін оны ашық түсті сөмкемен немесе осындай аяқ киіммен киіңіз.

А. Жапатова