Шашқа арналған страз әшекейі

Шашқа арналған страз әшекейі
Фото: ru.aliexpress.com

Шашқа арналған страз әшекейі — 2000 жылдардың тренді. Мұндай әшекейді дұрыс таға білсеңіз, ескі сән болып көрінбейді. Ендеше, шашта жалтырап тұратын бұл әшекейді қалай таққан жөн?

10-15 жыл бұрынғы шаш үлгілерін қайталаудың қажеті жоқ. Страз қазіргі сәнге сай болуы үшін шашыңызды әдемі етіп өріп, оны өрімнің арасына қолданыңыз.

Ретсіз өрім

Ретсіз өрімге страз әшекейін қолдану ескі трендтен кетіп, оларды жаңа түрде тағуға мүмкіндік береді. Бұл ретте жеке ұсақ тастар емес, қыстырғышқа жалғанған ірі страздар қолданған жөн.

Қалыңдыққа арналған шаш үлгісі

Егер сізге романтикалық және хиппи стиліндегі бос өрім ұнаса, ондай өрімді мерекелік етіп көрсетуге страз көмектеседі. Стразды өз шаш үлгіңізге қоссаңыз болғаны, ерекше мерекелік өрім шығады.

Ханшайым

Силикон ұстағышы бар немесе арнайы өрілген страздарды жіберілген шашқа қолдануға болады. Үлгіні нәзік топпен және пачка-белдемшемен толықтырыңыз. Саябақта романтикалық кездесу немесе достарыңызбен кездесуге тағып баруға жақсы идея болады.

Галактикалық кеш

Соңғы трендтердің ыңғайсыз бір түрі — страздары және жылтыры бар түрлі түсті шаш. Егер сіз қандай да бір кешке батыл тәжірибе жасап барғыңыз келсе, осындай шаш үлгісін таңдасаңыз болады.

А. Жапатова