"Көбелек" шаш қыстырғышын бірге жасап үйренейік

"Көбелек" шаш қыстырғышын бірге жасап үйренейік

Қыздар көпшіліктің көзайымына айналып, әрдайым сәнді киінуді ұнатады. Мұнымен қатар түрлі шаш үлгісін жасауды ұмытпайды. Бойжеткендердің осы әдетін ескеріп, "көбелек" шаш қыстырғышының жасалу әдісін назарларыңызға ұсынамыз. Оны сүйікті сіңлілеріңізге сыйласаңыз да болады.

1. "Көбелек" шаш қыстырғышын дайындау үшін қайшы, желім, жіп, өзіңіз қалаған түсті лента, резеңке және ескірген шаш қыстырғыш қажет.

2. Лентаны 30 см, 30 см және 8 см етіп қиып аламыз.

3. 30 см лентамызды алып, қақ ортасын көздеп, бір жағын қайырамыз.

4. Лентаның екінші жағын да қайырамыз.

5. Суретте көрсетілгендей тіге бастайсыз.

6. Лентаны тігіп аламыз.

7. Лентаны тігіп болған соң, жіпті тартасыз.

8. Жіпті тартқан кезде лента жиналып қалады. Жиналған жерді артық қалған жібіңізбен байлап тастаңыз.

9. Жоғарыда көрсетілген ретпен екінші 30 см лентаны дайындайсыз.

10. Суретте көрсетілгендей дайын болған екі лентаны бір-біріне жіп арқылы байлайсыз.

11. Шаш қыстырғышына 8 см лентаны екі бүктеп желімдейсіз.

12. Дайын болған лентаны шаш қыстырғышының бетіне қойып, желімдейсіз.

13. "Көбелек" шаш қыстырғышы дайын.

14. Жоғарыда көрсетілген ретпен резеңкеге желімдеу арқылы дайындап алсаңыз болады. Лентаның көлемі кіші болса да өз еркіңіз. Біз резеңкеге байлаған лентаның ұзындығын 25 см, 25 см, 6 см етіп алдық.

Сурет: massaget.kz

Ұқсас жазба: 

Шашбау жасауды бірге үйренейік

А. Жапатова