Сән мен стиль туралы афоризмдер

Сән мен стиль туралы афоризмдер
Фото: www.intermoda.ru

Сән мен стиль – екеуі екі әлем екені белгілі. Біреулер жаңа шыққан трендті аңдып, соңғы сәнмен киінуге ұмтылса, енді біреулер қанша сән өзгерсе де, өз стилінен жаңылмайды. Ал бұл туралы сәнгерлер қандай ойда болды екен. Айтыла-айтыла афоризмге айналған сөздерімен таныс болыңыздар.

Одри Хепбёрн: Сәндік, кербездік – адамды семдірмейтін бірден бір сұлулық.

Джанни Версаче: Трендке құмартпаңыз. Сән басыңызды билеп алуына жол бермеңіз. Өз киіміңізді және өмір стиліңізді қалай айқындағыңыз келетінін өзіңіз шешіңіз.

Виктория Бекхэм: Мен жайтабан аяқ киіммен жинақтала алмаймын.

Пол Фейг: Үлкен қаладағы өмір құпиясы — әрдайым костюм кию. Себебі осы кейіппен кез келген жерден қиындықсыз өтесіз. Сырт келбетіңіз тартымдылық сыйлайды.

Рианна: Ереже – оны бұзу үшін қажет.

Карл Лагерфельд: «Арзан» деген сөзді айтпаңыз. Бүгінде арзан бұйымдармен кім де болса жақсы көріне алады, оны бай адамдар да сатып алады ғой. Қазір жақсы дизайн кез келген бағадағы нәрседен табылады. Қарапайым футболка мен джинс киіп те әлемдегі ең сәнді адам бола аласыз, бәрі өзіңізге байланысты.

Бетси Джонсон: Әйел адамдар ер азаматтар үшін киінбейді. Өздері үшін және басқа әйелдер үшін жақсы киінеді. Егер олар еркектер үшін киінетін болса, әрдайым жалаңаш жүрер еді.

Александр Вэнг: Кез келген жан сәнді киіне алады. Тек адамдар күнделікті қарапайым тірлікте не киетіні қызығырақ.

Рэйчел Зоуи: Стиль – өзіңнің кім екеніңді аузыңды ашпай-ақ айту.

Ал сіз кімнің сөзін көбірек құптар едіңіз?

@. @assel_assanova