Сән туралы қызықты деректер

Сән туралы қызықты деректер

Сән әлемі жаңа пайда болған ұғымдардан емес. Ерте заманнан бері сәнқой арулар сұлу көріну жолында талай құрбандыққа барған. Сән туралы ең қызық деректермен таныс болыңыздар.

Қосымша кірпіктер алғаш 1916 жылы жасалынды. Д.В. Гриффит есімді продюсер өз фильмінде ойнайтын әртістің көзін үлкейтіп көрсеткісі келген. Олар адамның шашынан жасалынған екен.

Осыдан 200 жыл бұрын балалар киімі мүлдем болмайтын, яғни балаларға арнайы киім тігілмейтін. Оларға үлкендердің киімдерін кішірейтіп кидіретін.

Винтажды нәрселерге 1920 жылдан бастап 1960 жылға дейін жасалынған заттар жатады, одан кейінгі нәрселер ретро болып саналады мыс.

Қазіргі тырнақ бояу дәстүрі 5000 жыл бұрын қытай сәнқой аруларында да болған екен.

18-ғасырдың екінші жартысында адамзаттың көбісінде тек екі киім түрі болған екен.

1500-жылғы сән қойылымдарында сол кездегі дизайнерлер өз киім үлгілерін көрсету үшін, ойыншық модельдер жасаған екен.

Б.д.б. 1500 жылдары тақыр басты әйелдер сәнқой болып саналған екен.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

С. А