- Негізгі бет
- Сән
- 2016 жылдың жазғы...
2016 жылдың жазғы сән трендтері
Ауа-райының жылынуынан жаз мезгіліне дайындалатын уақыттың да жетіп қалғанын байқаймыз. Гардеробты жаңартамын деп шешсеңіз, 2016 жылдың жазғы трендтерімен таныс болыңыздар.
Нәзік шілтер
Шілтер — сәнқой қыздар үшін де, кәсіби мамандар үшін де оңай үйлестіре салатын киімдер қатарына жатпайды. Ол иесінің нәзіктігі мен жұмсақтығын қалай көрсетсе, солай жас қосып көрсетуі де әбден мүмкін. Шілтер көйлегіңіз нәзіктігіңізді ғана көрсету үшін бірнеше ережені есте сақтаңыз. Біріншіден, қою түсті шілтерлерден (әсіресе, жазда) бас тартыңыз. Керісінше, ашық әрі нәзік түсті шілтерлерге жақын болыңыз. Екіншіден, шілтердің "қарабайырлығын" ерекше аксесуарлармен және тартымды аяқ киіммен жабуға тырысыңыз. Шілтер көйлекпен жазғы сәнді үлгі жасаудың қарапайым түріне — ретро стильдегі ақ кроссовка, сондай былғары рюкзак және ерекше әшекей (мысалы, қызықты дизайнмен сақина) тағуды жатқызуға болады.
Түстердің көп болуы
Сolor blocking (түстер бірлестігі) тренді бірнеше мерзім қатарынан сән әлеміндегі орнын нық ұстап келе жатыр. Геометриялық color blocking үлгідегі ашық түсті көйлектер сәнде болады. Мұндай көйлектер келбетіңізге биязылық қосады, ал жазғы түстер гаммасы көңіл-күйді көтереді. Киім үлгісін үшкір басты балеткамен, шағын сөмкемен және ықшамды әшекеймен толықтырыңыз. Сolor blocking тренді өздігінен айқын үлгі екенін есте сақтаңыз. Сондықтан ондай стильдегі көйлектерді басқа аксессуарлармен толтыра берудің қажеті жоқ.
Түстер және тропик
Гүлді принт қайтадан сәнде болмақ. Көктемгі сәнде 90-жылдар стиліндегі ұсақ гүлді киімдер сәнде болса, жаз мезгіліне дизайнерлер ыстық тропиктерде өсетін экзотикалық гүлдері бар киімдерді ұсынып отыр. Гүлді принттің тропикалық түрі киім үлгіңізді өте көрнекілік беретіндіктен, көйлектің күрделі пішімді немесе көп детальді түрін таңдамаған жөн. Егер мұндай көйлектерді күндіз киіп шықсаңыз, жеңіл жіпті сандалмен және көлемді сөмкемен, ал кешке кисеңіз, клатч сөмкемен және өкшесі бар аяқ киімдермен үйлестіруге болады.
А. Жапатова