Смартфондар да киінгісі келеді

Смартфондар да киінгісі келеді

Аң терісін бағалап, оларға қызығып жүрген болсаңыз, смартфон мен планшеттеріңізге арналған қаптарды сатып алуыңызға болады. Бұл қаптар арнайы фермада өсірілген аңдардың терісінен жасалған. Яғни оның жануарлар әлеміне тигізер зияны жоқ.

Смартфондар мен планшетті компьютерлер де адамдар секілді қалыпты температураны жақсы көреді. Алдымызда келе жатқан қыста оларды да киіндіріп қойғанымыз артық болмас.

Брендтердің мұндай қаптары қымбат болатындықтан, оны өзіңіз үйде керексіз болып жатқан аң терісінен жасап алсаңыз болады. Болмаған жағдайда базарға барып, арзанырағын сатып алыңыз.

Оларды дайындау өте оңай, өзіңізге сенімсіздік танытсаңыз, білетін біреуге өтініңіз. Шешімін таппаған күнде тігін ательесіне барып, сол жерде тіктірсеңіз болады.

Мұндай қаптар тек сәнге айналып қана қоймай, техникалық құрылғыларды қалпында сақтауға көмектеседі. Олардың көмегімен құрбыларыңыздың қошеметіне ие болатыныңыз да анық. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай