Лондон төріне алып планшет орнатылды

Лондон төріне алып планшет орнатылды

Microsoft компаниясы Лондон орталығына 383 дюймды Surface планшетін және Type Cover 2 алып пернетақталарын орнатты. Бұл туралы The Verge сайты хабарлап отыр.

Компания қызметкерлерінің алып қондырғыларды орнатуға 12 сағат уақыты кетіпті. Алып планшеттің ұзындығы 8,2 метр, биіктігі 5,2 метрді құрайды. Бұл Трафальгар алаңына орнатылған пернетақтада секіріп, планшет арқылы қызықты ойындарды ойнауға болады екен.

Трафальгар алаңындағы бұл көрініс қала тұрғындары мен қонақтардың қызығушылығын тудырып отыр. Бұл алаңда қара құрым халықтың көп жүруі компания үшін Surface планшетін жарнамалаудың бірден-бір көзі болып отыр.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Microsoft компаниясы Surface планшеты мен Type Cover пернетақтасын өткен жылдың қазан айынан бастап сатылымға шығара бастаған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: theverge.com

Ө. Сансызбай