Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Ас үй пышағын қолданудың қателіктері

Ас үй пышағын қолданудың қателіктері

Ас үй пышағын қолданудың қателіктері

Әр ас үй ханшайымы тамақ дайындаудағы басты құрал пышақ екенін біледі. Бірақ оны дұрыс қолданбаса немесе сақтамаса, ол бастапқы кездегі өткірлігін жоғалтып, жылдам жарамсыз затқа айналады. Назарыңызға пышақты қолдануда жиі жіберетін қателіктерді ұсынамыз.

1. Дұрыс сақтамау
Көпшілік пышақтарды жәшікте, тартпада сақтайды. Бірақ жәшікте олардың жүздері бір-біріне сүйкенеді, ал бұл олардың өткірлігі мен жарамдылық мерзіміне негатив әсер етеді. Пышақ сақтаудың қолайлы әдістері  – арнайы тіреуіш алу немесе қабырғаға бекітілген магнит жолақ орнату.

2. Ыдыс жуатын машинаға салу
Пышақты ыдыс жуатын машинаға басқа ыдыстармен бірге салмай, бөлек шайып, жуған жөн. Техниканың жұмысы пышақ жүзінің өткірлігін нашарлатуы немесе сындырып жіберуі мүмкін. Сондай-ақ пышақ ондағы басқа ыдыстарға зақым келтіруі де әбден мүмкін. Сонымен қатар, пышақтарды суға салып қоюға немесе қатты ыстық суға жууға да болмайды.

3. Картон қорапты кесу немесе консервіленген құтыны ашу
Көпшілік ас үй пышағымен картон қорапты (мысалы, сүттің қорабын) кесе салады немесе консервіленген құтыны ашады. Бұл әрекетіңізбен пышақтың жүзін құртасыз. Сондай-ақ гигиена ережесі туралы ұмытпаңыз: ас үй пышағы тек тамақ дайындауға қолданылып, таза болуы керек. Скотчпен оралған қорапты ашамын деп ас үй пышағын қолдана салмаңыз.

4. Нан кесу
Әмбебап ас үй пышағын нан кесуге қолданбаңыз. Өткір пышағыңызды нан кесуге жиі қолдансаңыз, көп ұзамай оның жүзінің нашарлағанын байқайсыз. Сондықтан нан кесуге арналған пышақ алып, отбасы мүшелерін де ескертіп қойыңыз.

5. Туралған көкөністерді пышақ жүзімен ысырып салу
Азық-түлікті тақтайға турап, оны пышақтың жүзімен ыдысқа ысырып салу арқылы оның жүзін нашарлатасыз. Туралған тамақты пышақтың өткір емес жағымен ысырып салыңыз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: businessinsider.de
Қосылған күні: 14 қаңтар, 11:11

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.