Керамикалық пышақ таңдау кезінде

Керамикалық пышақ таңдау кезінде

Өкінішке орай, керамикалық пышақтарды таңдау өте қиын. Себебі, сапалысы сирек кездеседі. Олай болса, керамикалық пышақты таңдар кезде сіздерге мынадай кеңес береміз.

Түсі

Керамикалық пышақ шыны секілді болмауы керек. Пышақтың жүзі бірыңғай ақ не бірыңғай қара түсті болуы шарт.

Құрылымы

Пышақтың жүзінде кедір-бқдыр байқалмауы тиіс. Сапалы пышақтың жүзі тегіс болады. Керамикалық пышақты таңдар кезде жүзінде ешқандай дақ, жарықшаның болмауын қадағалаңыз. Керамикалық пышақтың жүзінде кішкентай сызат байқалса, байқаусызда ұрып алған кезде морт сынады.

Бағасы

Керамикалық пышақ арзан тұрмайды. Керамикалық пышақ ақ болсын не қара болсын, оның шикізат түрі аса қымбатқа соғады, оны кеннен өндіру, оны жүзге айналдыру – қиын іс. Сол себепті, бағасы да қымбат болады.

Жүзі

Сатылымға керамикалық пышақтың жасанды түрі де шығып жатыр. Керамика жалатылған металл пышақтар сырт қарағанда керамикалық пышақтан айырмашылығы жоқтай көрінеді. Бірақ оларды ажыратуға болады: жүзі қалың әрі сапасыз болады. Оларды қайрау да тым қиын. Қайраған сайын оның сыртқы эмалі кете бастайды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абай философиясы
Абай философиясы
“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді
“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді
Абай шығармашылығын зерттеушілер
Абай шығармашылығын зерттеушілер
i-balaqai: Қазақстандағы балалардың қауіпсіздігі туралы
i-balaqai: Қазақстандағы балалардың қауіпсіздігі туралы
"Абай – рухани реформатор" атты президент мақаласындағы 5 маңызды ой
"Абай – рухани реформатор" атты президент мақаласындағы 5 маңызды ой