Үлкен балаңызды ұмытпаңыз

Үлкен балаңызды ұмытпаңыз
Фото: Ернар Алмабек

Алдыңғы жазылған «Балаңыз аға не әпке болғанда» тақырыбындағы материалда отбасына жаңадан сәби қосылғанда үлкендерінің қызғанышын туғызбас үшін барлығына бірдей көңіл бөлу жөнінде кеңестер берген едік. Уақытыңызды барлығына бірдей арнау жөнінде тағы да бірнеше кеңес легін қабыл алыңыз.

Енді сіз екеуіне (үш-төртеуіне) бірдей уақыт арнауыңыз керек. Дамыған технология заманын кәдеңізге жаратыңыз. Бір пайдаланатын жөргектер, кір жуу машинасы, тез дайындалатын тағамдар ажырамас достарыңызға айналсын.

Кішкене нәрестеге омырау беріп жанында ұйықтау, ұзақ уақыт жанында отырып бесік жырын айту – екі-үш баласы бар аналардың ісі емес. Эмоция, назар, уақыт жетіспеушілігі – мәселелердің басты себебі.

Үлкен балаңыздан нәресте туралы ойын сұраңыз. Араларына мызғымас көпір салып, аса бауырмал қылып тәрбиелеуге тырысыңыз. Ол туралы сұрақтарына жауап беріп, түсіндіріп, қызығушылығын қанағаттандырыңыз. Бауырлар туралы ертегілер оқып беріңіз.

Сылдырлақ сатып алсаңыз, үлкеніңізге ойыншық көлік (не қуыршақ) алуды ұмытпаңыз. Үйге балалардың ата-әжесі не өзге қонақтар келетін болса да не бөліп-жармай барлық балаға бірдей ойыншық алсын, не ештеңе алмай-ақ қойсын, осыны ескертіңіз.

Кішкене балаңызға бесік жырын айтып, үлкеніңізді ертегіден (не сыр шертісу сәтінен) құр қылдармаңыз. Кіші балаға фотосессия ұйымдастырсаңыз, үлкеніңіздің портретін инстаграмда жариялап, оның ең сүйікті балаңыз екенін жазыңыз.

Кішкентайдың жағдайын жасауда үлкеніңізден көмек сұраңыз. Әр істе қолғанат болғанын мақтап отырыңыз. Үнемі. Бұл ісін кішкентайыңызға үлгі етіп айтыңыз.

Үлкен балаларыңыз кішкентайларды бағуға міндетті емес. Зерттеушілер он екі жасқа толмаған балаға кішкентай балаларды сеніп тапсыруға болмайтынын, тіпті аз уақытқа болса да қалдырмауды ескертеді. Тіпті бала он бес жасқа келсе де, ол өзінен кейінгі бауырларын қарап, ата-анасына көмектесуге өз ынтасы болса ғана қарауды тапсырыңыз, ал оған міндеттеп, бауырларын қарауға еріксіз көндіру дұрыс емес.

@. @assel_assanova